
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Түркістанда әскери мектеп ашу мүмкіндігі бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Ұлттық ұланды сан мен сапа тұрғысынан нығайту, өңірлерде оның жаңа бөлімшелерін жасақтап, бар бөлімшелерді күшейту, көліктік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігін айтты.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2022
Бағдарламалар – жаңа мүмкіндіктер бастауы
Түркістан облысында жұмыс орындарын көбейту мақсатында ауқымды істер атқарылуда. Мысалы, 2022-2025 жылдарға арналған өңірдің жұмыспен қамту картасын бекіту қолға алынды. Бүгінде жауапты салалық басқармалардан 9 ұлттық жоба бойынша мәлімет жинақталып, 2022-2025 жылдары 145,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарға енгізілді.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Үшінші мегаполистің бизнес өкілдері тұжырымдамаға қолдау білдірді
Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылып, оның негізгі бағыттары, сондай-ақ корпоративтік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге бағытталған шаралар талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2022
Мақтааралда мақта майы шығарылады
Еліміздегі «ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданында былтыр мақта зауыттары мен қабылдау бекеттеріне 92,8 мың тонна өнім өткізілген. Бүгінде шикізатты дайын өнімге дейін жеткізудің жолдары қарастырылуда. Мысалы, күні кеше ауданда мақта майын шығаратын зауыт іске қосылды.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022
Еңбегін ел бағалаған бапкер дүниеден өтті
Есімі Түркістан облысының спорт жанкүйерлеріне етене таныс бапкер Орынбасар Пашимов 70-тен асқан шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022
«Парасат» – халық пен билік арасындағы үнқатысу алаңы
Тұрғындары наразылық білдіріп әкімдіктің алдына жиналмайтын, ұрандатып алаңға бармайтын, шеруге шықпайтын аудан бар. Түркістан өңірінде. Кез келген тұрғынның көкейде жүрген өзекті мәселені, белгілі бір саланың жұмысына байланысты кемшілікті, тұрмыс-тіршілікті жақсартуға қатысты ой-пікірін ашық айтуына мүмкіндік жасалған. Әкімі бастап, басқарма, бөлім басшылары ауылдағылардың алдына келіп, жағдай сұрайды.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022
Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекеніндегі «Рахманберді» шаруа қожалығы бүгінде ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін тауыс өңір үшін таңсық құс болатын. Әлемдегі ең ғажайып құстардың бірі, қырғауыл тұқымдасына жататын тауысты көпшілік тәкаппарлық, сұлулық белгісі ретінде де қабылдайды.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2022
Үш жылда 26 мың жұмыс орнын құрмақ
Түркістан облысында 2022-2025 жылдар аралығында 26 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Облыстың ТОП-10 инвестициялық жобасының тізбесі қалыптастырылып, 2,4 трлн теңгенің 169 жобасы нақтыланды.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022
Бағаны тұрақтандыруға диқандар да мүдделі
Түркістандық диқандардың өз есебі бар. Яғни жылдың әр күнін тұрмысын жақсарта түсу мақсатында тиімді пайдалануды мақсат тұтады. Мысалы, Жетісай ауданына қарасты Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа райын сәтті пайдаланып, 5 гектар жерге қырыққабат көшеттерін отырғызып үлгерген.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022
Жас жауынгерді ақтық сапарға шығарып салды
Алматы қаласындағы террористік шабуылға тойтарыс кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясының 2-курс курсанты Дәулет Жұпарбеков ерлікпен қаза тапты. Отан алдындағы борышына адал болып, ел тұтастығын сақтау жолында ерлікпен қаза тапқан жас ұланның денесі өзінің туған жері – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына жеткізіліп, Түркістан жұртшылығы оны ақтық сапарға шығарып салды.