Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1579 материал табылды

Аймақтар • 05 Қазан, 2021

Комбайнға қажетті бөлшек шығарады

Қарапайым ауыл агрономына мақта теретін комбайн жүргізушілерінің қажетті бөлшекті көрші елден алып жүргені ой салса керек. Зерделей келе комбайндарға аса қажетті «шпиндельді щетканы» ауыл аспай-ақ шығаруға болатынына көз жеткізеді. Сөйтіп пластикалық қалдықтардан, жалпақ тілмен айтқанда босаған баклашкалардан әлгі бөлшекті жасап шығарады.

Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Үшінші мегаполис үш сценарийге де дайын

Оқу жылы басталғаннан бері Шымкент қаласында 487 бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның 146-ның сырқаттануы жазғы демалыс кезінде басталса, 341-і оффлайн сабақ кезінде ауру жұқтырған. Оқу жылының басынан бас­тап 100 мектепте 291 сыныпта, ал қазіргі таңда қаланың 84 мектебінде 189 сыныпта карантин белгіленген.

Аймақтар • 04 Қазан, 2021

Өңірдегі сакралды туризм Шымкенттен басталады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай республикалық «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен өңірлерде өткізіліп жат­қан «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Шымкент қаласында жалғасты.

Руханият • 03 Қазан, 2021

«Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Түркістан облысында жалғасты

Түркістан мен Қызылорда облыстары­ның шекарасында экспедицияның қызыл­ордалық мүшелерін танымал жазушы, «Алаш» және «Түркі әлеміне қызмет» Халықаралық сыйлықтарының лауреаты Мархабат Байғұт, К.Симонов атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалиев, Түркістан облысының үздік жазушысы номинациясының иегері Абылай Есімбай, сонымен қатар Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков пен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дінмұхамед Жақыпбеков бастаған, құрамына бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері кірген топ дәм-тұз ұсынып, құшақ жая қарсы алды.

Экология • 03 Қазан, 2021

Көміртегі бейтараптығына бірлесе қол жеткізу маңызды

Әлем экологиялық апаттың алдында тұр. Сондықтан барлық мемлекет қазірден бастап бірлесе нақты іс-қимылға көшпесе, ахуал ушығуы мүмкін. Түркістанда өткен «Өңірлік ынтымақтастық және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағытындағы бірлескен іс-қимылдар» тақырыбындағы I Орталық Азия форумында осындай пікір айтылды.

Қазақстан • 01 Қазан, 2021

Этносаралық келісім – тұрақтылық кепілі

Түркістан облысында 50-ден астам этнос пен этностық топ­тардың өкілдері тұрады. Өңірде 11 этномәдени бірлестік бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.

Руханият • 29 Қыркүйек, 2021

Шығыстың сөнбес жұлдыздары

Түркі елінің атажұрты, қасиетті қарашаңырақ, киелі Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түскені анық. Мерейтойлық басқосудың қасиетті Түркістан қаласында өтуінің үлкен символдық мәні бар.

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2021

Түркістаннан – теріскейге

Түркістан облысынан теріскей өңірлерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударуды ойлағандардың көбі сол­түстік қысының суықтығы мен ұзақтығын айтып, екіұдай күйге түсетіні белгілі. Ал қоныс аударғандар жергілікті тұр­ғындардың жылы қабағы мен жасалған жайлы тұрмыстық жағ­дайлар ауа райының айырмашылығын ұмыттыратынын ай­тады. 2015-2021 жылдар аралығында облыстан солтүстік өңір­лер­ге барлығы 2 533 отбасы, яғни 9 617 адам қоныс аударған.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Ақсақалдың аманаты

Түркістан қаласының тұрғыны Алиакбар Артықұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне бір қорап сыйлығын ала келіпті.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Жиын-терін жалғасуда

Түркістан облысында күзгі жиын-терін аяқталуға жақын, ал «ақ алтынды» жинау науқанының қызған шағы. Алғаш болып мақта терімін бастаған Мақтаарал, Жетісай аудандарында бүгінде шитті мақтаның бір тоннасы 250 мың теңгеден қабылдануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың теңгеге қымбат.