
Қылмыс • 24 Маусым, 2025
Түркістан облысында 317 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді
Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Тастемірдің мәлімдеуінше, арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 13 күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2025
Түркістан облысында тоқыма өнеркәсібі дамиды
Түркістан облысында мақта саласын қолдау, мақта-тоқыма кластерін құру мақсатында бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2025
Мақта шаруашылығында мәселе көп
Түркістан облысы – еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір. Бұл бағытта 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жыл сайын 120 мың гектарға жуық мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам шитті мақта жиналады. Мақтаға қатысты өзекті мәселелер де жыл сайын көтеріліп келеді.
Спорт • 16 Маусым, 2025
Жетісайда жекпе-жектен Орталық Азия ашық кубогі өтті
Түркістан облысы Жетісай қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 70 спортшы қатысып, ерлер 9 салмақ дәрежесінде, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маман • 14 Маусым, 2025
Науқастың жанына дәрі-дәрмекпен қатар ақ көңілімен де шипа сыйлайтын, жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы дертінен айығуына себепкер болатын мейірбикелерге жүктелетін жауапкершілік көп. Дәрігер емінің нәтижелі болуы медбикенің ем-домды уақтылы көрсетіп, өз міндетін мінсіз атқаруына тікелей байланысты.
Экономика • 13 Маусым, 2025
Түркістан облысында 6 инвесторға қатысты заңсыз шешім қабылданған
Түркістан облысы прокуратурасының тарапынан биыл «Инвест-Караван 2025» іс-шарасы шеңберінде 3 көшпелі кездесу өткізіліп, 26 инвестормен тікелей сұхбат жүргізілген. Сондай-ақ 6 инвесторға қатысты заңсыз шешімдер қабылданғаны анықталып, оларға қатысты тіркелген әкімшілік істердің күші жойылды. Ал 4 инвесторға қатысты уәкілетті органдардың негізсіз тексерулері тоқтатылды. Нәтижесінде биылдың 5 айында 216 жеке кәсіпкердің және 6 инвестордың құқы қорғалып, жалпы сомасы 79,7 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба бойынша кейстер шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 13 Маусым, 2025
Мароккодан мотоциклмен шыққан саяхатшы Түркістанға жетті
Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанға келуді мақсат еткен 67 жастағы Марокко азаматы табандылық танытқан. Мотоциклмен бірнеше елдің жерін басып өткен ол кешегі күні киелі қалаға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2025
Түркістан облысында 24 жер қойнауын пайдаланушының жұмысы тоқтатылды
Түркістан облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 198 жер қойнауын пайдаланушы бар. Оның 74-і келісімшарт және 124-і лицензия негізінде жұмыс істейді. Ал жұмысы тоқтатылған 24-і жыл басынан бері келісімшарттық лицензиялық міндеттемелерін орындамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2025
Түркістан облысы аумағындағы әр ауданның өзіндік табиғи ерекшелігі бар. Мысалы, Отырар ауданының оқушылары таулы аудандарда демалғанды қалайды. Осы орайда Түлкібас ауданы Келтемашат шатқалында орналасқан «Отырар» жазғы сауықтыру лагері алғашқы ауысымына отырарлық 153 баланы қабылдады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2025
Шардара су қоймасына қатысты жүйелі жұмыс жасалды
Шардара су қоймасына сәуірге дейін 12,6 млрд текше метр су түскен. Яғни су бастапқы болжамнан 1,7 млрд текше метрге артық келді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, вегетация кезеңіне Шардара су қоймасына шамамен 3,7 млрд текше метр көлемінде су келетіні көзделген. Сәуір айында қоймаға 1 млрд текше метр, ал мамыр айында 134 млн текше метр су түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.