
Тарих • 17 Маусым, 2021
Құнды жәдігерлер – көне тарихтың куәсі
Ұлы дала тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында баса айтылған болатын.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Шымкенттегі жұқпалы аурулар орталығына 20 сәуір күні жеткізілген 38 жастағы жүкті әйелдің жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылады. Науқастың өкпесі 98 пайызға зақымдануына байланысты республикалық дәрежедегі дәрігерлер консилиум өткізіп, науқасты ЭКМО аппаратына қосқан. Дәрігерлердің айтуынша, бұл аппарат ауыр халдегі науқастарды емдеуде нәтиже болмаған жағдайда қолданылады.
Аймақтар • 15 Маусым, 2021
Бауырлас елмен байланыс нығайды
Ортақ тарихи тағдыр, бірегей мәдени-рухани құндылықтарымыз, өзегі бір тіліміз бен салт-санамыз байланыстыратын көрші өзбек елімен соңғы жылдары қарым-қатынас нығая түсіп, барыс-келістің жиілегені мәлім.
Тағайындау • 10 Маусым, 2021
Түркістанға жаңа әкім тағайындалды
Ресми түрде Түркі әлемінің рухани орталығы ретін мойындалған Түркістан қаласының әкімі қызметіне Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Маусым, 2021
Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан әкімдері арасында ауыс-түйіс жасап жатыр. Әкімдердің командасы жаңа есімдермен толығып жатыр. Солардың бірі Бағлан Батыршаевқа бүгін Ордабасы ауданының тізгіні сеніп тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 10 Маусым, 2021
Мойнына қойылған рельстің екі жағына он-оннан 20 адам мінгізіп көтеретін, кеудесіндегі ауыр тасты бір жарым пұттық балғамен ұрып сындыртатын, қысқасы, неше түрлі ойын көрсетіп, жұртты таң-тамаша ететін Қажымұқан атасына ұқсағысы келетін жастар бүгінде аз емес. Еліміздің қай өңірінде болсын. Әсіресе өмірінің соңғы жылдарын өткізіп, осы қасиетті мекенді мәңгілік тұрағы еткен балуанның ерлігін, спорттық жеңісі мен ерекше өнерін қайталағысы келетіндер Түркістан облысының Ордабасы ауданында көп.
Медицина • 10 Маусым, 2021
Екпе салып, ертеңін ойлаған озады
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «жасыл аймақты» ауыстырмай, індетті жеңу мақсатында тұрғындары барлық талапты орындауға тырысып жатқан Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакциналау қарқынды жүргізілуде. Облыста 234 мыңнан астам адам екпе қабылдауға ниет білдірген. Екінші компонентпен 83 мыңға жуық адам салдырған.
Білім • 09 Маусым, 2021
Бүгінде алты жасар баласының болашағын ойлаған ата-ана алдымен мұғалім іздейтін болған. Мектеп туралы мәліметке сырттай қанығып, бастауыш сынып мұғалімдері жөнінде көбірек білгісі келеді. Баланың білім жолындағы алғашқы күнінен бастап алар сауатының сапасы мен тәлім-тәрбиенің маңызы ерекше екені мәлім. Осы орайда «Розаның сыныбына қабылданса екен» дейтін шымкенттік ата-ана көп.
Қоғам • 06 Маусым, 2021
Оңтүстік өңірдегі қуғын-сүргін құрбандарының саны жеті мыңнан асты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты Үндеуінде халқымыз небір зобалаңды көрсе де рухын аласартпағанын, бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыра түскенін атап өтті. «Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық. Былтыр қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы», деді Президент.
Коронавирус • 03 Маусым, 2021
Шымкент қаласында карантин режімі және коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2 маусымнан бастап эпидемиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Қалада адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараны өткізуге тыйым салынды.