
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Көрші облыстардағы жағдай ойландырады
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы «жасыл аймақта». Дегенмен күнделікті қарым-қатынасы үзілмеген, барыс-келісі көп көрші өңірлердің бірі «қызыл», енді бірінің «сары аймақта» болуы түркістандықтарды да алаңдатуда. Түркістан мен Шымкенттің арасында күніне мыңдаған көлік қатынайды, Алматыға апарып-әкелетін көлік те аз емес. «Жасыл аймақтағы» кей ағайынның үйде қамалып отырғысы және жоқ. Көрші өңірден келгендерді қонақжай қазақ қуана қарсы алады. Бұл жағдайда індеттен сақтанудың жалғыз жолы – екпе салдыру.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 21 мыңға жуық адам екпе қабылдады
Нақтырақ айтсақ, облыста 20 936 адам екпе қабылдаған. Оның 13 887-і медицина қызметкері, 5407 – педагог және 600-ге жуығы құқық қорғау органдары мен 500-ге жуығы әртүрлі топтағы азаматтар. Сәуір айында екпе салдыруға ниет білдіргендердің саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Түркістанда Ясауи кесенесінің аумағындағы ботаникалық бақта сакура ағашы гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 07 Сәуір, 2021
Түркістанда түркітілдес елдердің креативті индустрия қауымдастығы құрылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан қаласы мәдениеттің, экономиканың діңгегіне айналуы керектігін айтқан еді. Осыған орай Түркістан қаласында креативті индустрия қауымдастығы құрылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Сәуір, 2021
Ауылда әрине клубтың болғаны жақсы. Руханият орталығы, елді мекендердегі бірден-бір мәдениет ошағы саналатын клубтың қадірін, пайдасын аға буын мен орта буын жақсы білер. Алдымен экономикаға басым көңіл бөлінген, клубтың тіршілігін кітапханасы сақтап қалған кезеңдегі жастар ше? Көркемөнерпаздар үйірмесі жоқ, әртістеріңіз ауылды айналып өтетін, кино көрсетпейтін клуб қызметінің мән-маңызы мен қоғам өміріндегі рөлін жастар қалай бағалайды?!
Қоғам • 06 Сәуір, 2021
Шымкентте журналистер бейбіт акция өткізіп, наразылықтарын білдірді
Шымкент қалалық полиция департаментінің алдында журналистер бейбіт акция өткізіп, соңғы кезде орын алған екі оқиғаға қатысты наразылықтарын білдірді.
Оқиға • 06 Сәуір, 2021
Тұрғындары наразылық білдіріп әкімдіктің алдына жиналмайтын, ұрандатып алаңға бармайтын, шеруге шықпайтын аудан бар Түркістан өңірінде. Ол – Сайрам ауданы. Мұнда кез келген тұрғынның көкейде жүрген өзекті мәселені, белгілі бір саланың жұмысына байланысты кемшілікті, тұрмыс-тіршілікті жақсартуға қатысты ой-пікірін «Парасат» пікірталас клубының отырысында ашық айтуына мүмкіндік жасалған.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Интернеттің игілігін көре алмай отырған ауылдар
Түркістан облысындағы 264 ауылдың 74-і жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмаған. Осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 кезеңнен тұратын жоба қолға алынып отыр.
Медицина • 05 Сәуір, 2021
Түркістандық дәрігерлер ана мен баланы аман алып қалды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері ауыр халде жеткізілген 23 жастағы жүкті әйелге бір мезетте екі ота жасады.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 12 700 азаматқа екпе егілді
Түркістан облысында 12 700 адамға COVID-19 індетіне қарсы екпенің 1-компоненті егілді. Бүгінде оның 6 173-і вакцинацияның екінші кезеңінен де өтіп үлгерген. Олардың қатарында медицина және полиция қызметкерлері мен мұғалімдер бар.