
Аймақтар • 08 Қараша, 2021
Баспана салу – құрылыс саласындағы басты бағыт
Шымкент қаласының білім ордаларында 125 мыңнан астам студент оқиды. Бүгінде 8 жоғары және 38 арнаулы оқу орнының студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың мәліметіне қарағанда, мегаполиске Түркістан облысының аудандары мен көршілес өңірлерден шамамен 75 500 жас келіп оқиды. Яғни осыншама студент жатақханамен қамтылуға тиіс. Қала әкімдігі осы мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып, ауқымды жұмыстарды қолға алып отыр.
Қоғам • 07 Қараша, 2021
Шымкентте «Әкеге қарап ұл өсер» VІ республикалық форумы өтті. Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, БҰҰ-ның Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы қоры, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Әкелер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған форумға еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысты.
Өнер • 05 Қараша, 2021
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Қазығұрт ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен Түркістандағы «Конгресс холл» концерт залында «Бұраң бел» облыстық би байқауы өтті. «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында өткен байқауда 17 би ұжымы бақ сынады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2021
Бес қарудың біз білмейтін сыры көп
Шымкент қаласы Shymqala этноауылында «Бес қару» этнофестивалі өтті. Үш күнге созылған іс-шара барысында жасөспірімдерді батырлық қасиетке тәрбиелейтін ойын түрлері ұйымдастырылып, қылыштасу шеберлері мен каскадерлар жауынгерлік өнерден, бес қару түрлерін пайдаланудан шеберлік сағатын өткізді. Батырлар институты тақырыбын барынша ашу мақсатында еліміздің танымал тарих және этнолог ғалымдары мен шетелдік жыршылардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» саябағында үш бірдей ескерткіш ашылды. Әрбірінің өзіндік орны мен маңызы бар. Дегенмен «Не көрсем де Алаш үшін көргенім!» деп жанын шүберекке түйген Алаш арыстары, яғни тоғыз қайраткердің тұлғасы мүсінделген ескерткіштің орны бөлек.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Батагөй ақсақал атындағы сынып
Түркістан қаласында тарихы ерекше, түлектері танымал мектеп бар. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов, жазушы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының тұңғыш лауреаты С.Ерубаев, академик Ісмет Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторы, академик Мәулен Балақаев сынды тұлғалар іргетасы 1898 жылы қаланған осы мектепте білім алған.
Өнер • 01 Қараша, 2021
Ұлттық анимацияның халықаралық қадамы
Түркістанда халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі өтті. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатында отандық және бауырлас түркі елдердің, атап айтқанда, Әзербайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан мен Түркияның білікті мультипликаторлары Орталық Азиядағы ең ірі анимациялық фестивальдың қызыл кілемімен жүріп өтті. Биыл байқауға барлығы 57 өтінім келіп түскен, оның 49-ы іріктеуден өтіп, әйгілі шетел аниматор-мультипликаторлары мен отандық білікті мамандардың бағасын алды.
Аймақтар • 28 Қазан, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Төлеби – Ұлы дала мекенім» суретшілер пленэрі мен «Бір өлке – бір сурет» атты жас суретшілер симпозиумы өтті. Алты күнге созылған іс-шараға көршілес елдерден және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан халықаралық дәрежедегі суретшілер қатысты.
Коронавирус • 28 Қазан, 2021
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 15 мың адамнан асты. Соңғы 7 күнде 190 адамның ауруға шалдыққаны анықталды. Бүгінде 400-ге жуық адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Өңірде жалпы 1 млн-нан астам адам ПТР-тесттен өткен. Инфекциялық төсектік орындар санының жүктемесі 37,2%-ға, карантиндік төсектік орынның жүктемесі – 2,6%-ға, жансақтау төсектік орындар санының жүктемесі 33%-ға қысқартылды.
Аймақтар • 20 Қазан, 2021
Жемқорлықтың жолын кескендер сыйақы алуда
Сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстарға талдау нәтижесі Түркістан облысында тіркелген құқық бұзушылықтың көбі мемлекет мүлкін жымқыру, парақорлық, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау деректеріне қатысты екенін көрсетіп отыр.