
Медицина • 01 Тамыз, 2025
Туберкулезді емдеудің тың әдісі
Ресми статистикаға сүйенсек, елімізде кейінгі 10 жылда туберкулезге қатысты эпидемиологиялық жағдай әжептеуір жақсарған. Қуантарлығы, аурудың осы түрін емдеу, диагностикалау медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін. Яғни туберкулезге шалдыққан пациенттің МӘМС-ке тіркелген-тіркелмегені маңызды емес.
Тұлға • 01 Тамыз, 2025
Даңқты балуандарды шыңдаған бапкер
Күрес шеберлері, бапкерлері арасында Қадыркен Қожанов есімін білмейтіндер кемде-кем. Замамында бозкілемде мерейі үстем болған балуан спорттағы жетістігін бапкерлікпен ұштастырған еді. Астанадағы аға буын балуандар, жаттықтырушылар оны «Ақмола төңірегінде еркін күрестің мәртебесін биіктеткен тұлға» деп бағалайды.
Мирас • 30 Шілде, 2025
Тазының бабын білген бағасын да біледі
Тазы мен төбетті қорғауға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінген соң қазақ иттеріне ел азаматтарымен қоса, шетелдіктер де қызыға бастады. Халықаралық кинология федерациясы (FCI) қазақ тазысын мойындап, стандарттары нақтыланды.
Сұхбат • 26 Шілде, 2025
Қазақ тазысы: жаһанға танылу жолы
7-10 тамыз күндері Финляндия астанасы Хельсинкиде «World Dog Show-2025» бүкіләлемдік иттер көрмесі өтеді. Мұнда тұңғыш рет FCI аясында алдын ала мойындалған тұқым ретінде қазақ тазысы ресми түрде таныстырылады. Тазы тұқымының пайда болуы мен таралу тарихы, ерекшеліктері, артықшылықтары, бағым-күтімі жан-жақты баяндалады. Көрме төрінде ақшаңқан киіз үй тігіліп, «Қазақ тазысына» арналған стенд, көрнекіліктер қойылады. Тақырыпқа қатысты ақпараттық буклеттер, кәдесыйлар қонақтарға таратылады. Басты мақсат – тұқымның халықаралық мәртебесін нығайту, «Kazakh Tazy» брендін кеңінен насихаттау. Тазы – халқымыздың бірегей қазынасы, дала азаматының сенімді серігі, жүйріктігімен, ақылдығымен, сабырлылығымен ерекшеленетін асыл тұқымды ит. Желмен жарысқан жүйрік, шапшаң қозғалып, аңды алыстан көріп, ізіне түсіп ұстайтын ілкімді жаратылыс. Түлкі, қоян, қарақұйрық секілді аңдарды ұстауға пайдаланылады. Адамға тез бағынады, талап пен сенімнің арасын жақсы ажыратады. Халқымыз асылдығын айрықша бағалап, «жеті қазынаның бірі» деп атаған. Батырлар жырында, ертегілер мен аңыздарда тазы бейнесі сомдалған. Бүгінде тазы саны күрт азайған. Сондықтан оны асылдандыру, қорғау, көбейту мәселесі күн тәртібіне шықты. 2023 жылы қазақы тазы мен төбет ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енді. Соның негізінде арнайы көрмелер мен байқаулар жиі өткізіліп, қоғам назарын аударды. Тазының еліміздегі және жаһандағы тағдыры, танымалдығы бәрімізге байланысты. Ең бастысы, мемлекеттік көзқарас айқын.
Құтқарушы • 26 Шілде, 2025
Астана қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салада ұзақ жылдар бойы қалтқысыз, адал еңбек еткен құтқарушыларға пәтер кілті тапсырылды. Дәл осы күні азаматтық қорғау органдарының бөлімшелері қызметтік автокөлікпен толықты.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Шипажайға жолдама алудың тиімді тәртібі
Қазір санаторий, курортқа жолдама беру тәртібі электронды форматқа ауысқан. Цифрлық жүйеден хабары жоқ қала, ауылдың егде жастағы тұрғындары жолдама алу үшін түрлі мекемені жағалап, көмек сұрайды. Сөйтіп жүргенде жолдама түгесіледі. Есесіне, өтінішті бірінші болып үйден толтырғандардың бағы жанады. Сырқаттанбай тұрмайтын қариялар кейінгі жылдары осындай кедергіге кездесіп қалып жүр.
«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025
Еліміздің барлық аймағында тұрғындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір кісідей қатысты. Қала, ауыл жұртшылығы, еңбек ұжымдары тонналап қоқыс шығарып, өзгелерге тазалық сақтаудың озық үлгісін көрсетті. Жаңа тұжырымдама шеңберінде былтыр және биылғы алты айда 874 экологиялық іс-шара өтті.
Мирас • 22 Шілде, 2025
«Мінсе көлік, жесе азық, ішсе сусын» болған жылқы малының қадір-қасиетін ежелден таныған қазақ бие сүтінің шипасын да жақсы білген. Содан болар, ауылдағы ағайын әлі күнге ел-жұрттың басын қосып, қымызмұрындыққа шақырады. Елордада бірінші мәрте ұйымдастырылған «BaiQymyz» гастрофестивалінен де біз байырғы дәстүріміз қымызмұрындық, Наурыз мерекесінің сарынын анық байқадық.
Экономика • 18 Шілде, 2025
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында былтырғы жылдың ақпанынан шілдеге дейін 117 495 өтініш орындалып, 14,86 млн доллар өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға жолданған.
Өндіріс • 17 Шілде, 2025
Қант зауыттары қаншалықты қуатты?
Былтыр елдегі қант зауыттары 128 мың тонна шамасында өнім шығарды. Ел тұрғындары жыл сайын орта есеппен 550 мың тонна қант тұтынатынын ескерсек, біздің тауар сұраныстың 12%-ын ғана қамтып отыр. Қайбір жылдары шикізатты молынан өңдеген зауыттардың қазіргі өнімділік қуаты баяулады. Дәл осы қарқынмен отандық қант өндірісінің үлесін 100% былай тұрсын, 50%-ға жеткізудің өзі қиынның-қиыны болатын сыңайлы.