Саясат • 27 Ақпан, 2024
Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бейжіңге жұмыс сапары аясында ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, жобаның жай-жапсарын талқылады. Бастама қызметі музей, кітапхана ісі, музыка және кино өнері, тіл үйрету сынды бағыттарға екпін береді деп жоспарланып отыр.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Алимент төлеуден жалтарған 14 755 азаматтың елден шығуына уақытша тыйым салынды. Былтыр сот орындаушылары тентекті тезге салғандай 7 мыңға жуығын әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Десек те, қалған 53 пайызының әлі берешегі өтелмеген. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында бұдан өзге бірқатар маңызды мәселе көтерілді.
Жастар • 20 Ақпан, 2024
Жасанды интеллект және аграрлық білім
Елімізде ауыл шаруашылығында кадр тапшылығы байқалады. Әсіресе техниканың тілін меңгерген маман табу мұң. Тіпті жоғары жалақы ұсынып, тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етсе де, жастардың бұл салаға қызығушылығы төмен. Осы мәселені мейлінше реттеуді көздеген елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері егіннің кез келген шығынын азайта отырып, оны дербес және тиімді басқара алатын ақылды жүйені жасақтап шығарды.
Саясат • 19 Ақпан, 2024
Еңбек кодексінің ережелеріне өзгерту енгізу қажет. Maqsut Narikbayev University жанынан құрылған Парламент Сенатының жобалық кеңсесінде ғалымдар осындай бастама көтерді. Сондай-ақ басқосуда әлеуметтік әріптестікті қолдану аясын кеңейту, ұжымдық келіссөздер жүргізуді оңтайландыру, кәсіподақ мәртебесін нығайту сынды мәселелер талқыланды.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек?
Жұмыс • 01 Ақпан, 2024
Ұлттық статистика бюросының соңғы дерегінде елдегі жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,3 пайыз деп көрсетілген. Бұл санды 2022 жылмен салыстырсақ (3,9%), көрсеткіш сәл төмендеген. Бірақ жыл сайын жаңа бағдарламадан үміт күтіп, ескіден түйін шығарсақ та қоғамды кәсіпке баулу, іс қылып, қызмет қылу қиындап барады. Мәселенің мәні неде?
Волонтер • 31 Қаңтар, 2024
Елімізде кәсіби еріктілердің мобильді тобы құрылады. Бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірге қолға алған. Қазір қос сала өкілдері оқыс оқиғалардың алдын алып, салдарын жоюда ескерілетін арнайы алгоритмді әзірлеп жатыр.
Мирас • 23 Қаңтар, 2024
Біздің қоғамға креативті экономиканың затынан гөрі аты жақсы таныс. Мемлекет те салаға ел индустриясын өрге бастайтын ерекше бағыт ретінде қарайды. Содан болар, 2024 жыл шығармашылық сала өкілдерін қанаттандыратын жағымды жаңалықпен басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет арнайы қаулы шығарып, креативті индустрия субъектілеріне салықты жеңілдету талабы қабылданды. Сәйкесінше, 40 қызмет түрі КТС, жеке табыс салығы, ҚҚС төлеуден босатылды. Бұл өз кезегінде дарынымен дараланатын азаматтардың әл-ауқатына, өндіріп жұмыс істеуіне екпін берді. Осыған орай ұлттық ойындардың нарықтағы әлеуетін жаңғыртып жүрген Айнұр ПОЛАТОВАМЕН жолығып, былтыр көпті таңғалдырған «Talapai» жобасы туралы егжей-тегжей сұраған едік.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Биыл жастарды тұрғын үймен қамту бағдарламасына бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді. Осылайша, 35-ке дейінгі отандастарымыздың баспаналы болуы үшін жеңілдетілген ипотекалық несие беру жалғасады. Ендеше 2024 жылы қай өңірдің азаматтары қоныстой тойлайды? Бұрынғы бағдарламалардан да тиімді жүйе қарастырылған ба?
Волонтер • 01 Қаңтар, 2024
Волонтер жылы: Жанашырлық пен жәрдемдесу
2024 жыл ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Сондай-ақ Президент еріктілердің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды. Ізінше тараптардың Үкімет басшылары бас қосып, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ұрпаққа ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешім Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәскеу қаласына сапары барысында тиянақталды.