
Сұхбат • 29 Сәуір, 2025
Закиржан КУЗИЕВ: Міндетіміз – ынтымақ пен бірлікті нығайту
Еліміздің өркендеуі мен тұрақты дамуы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке тікелей байланысты. Бүгінде бұл ұстаным ішкі саясаттың өзегіне айналып отыр. Мемлекет этносаралық татулықты сақтау үшін құқықтық, мәдени және әлеуметтік тетіктерді ұтымды үйлестіріп келеді. Бұл жұмыстар қағаз жүзінде ғана емес, нақты істермен дәлелденіп отыр. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Парламентте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы құрылды. Алаңның қызметі, атқарылған жұмыс төңірегінде топ мүшесі, Сенат депутаты Закиржан Кузиевпен әңгімелескен едік.
Қоғам • 24 Сәуір, 2025
Таланттарды топтастырған «Мың бала»
Қазақтың қара домбырасының құлағында ойнап, әндерін нақышына келтіре шырқайтын өзге этнос өкілдерінің көбейгені қуантады. Қазақша сөйлеп, ұлттық рухани құндылықты әспеттеп жүрген жастардың бірқатары – «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қатысушылары. Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл игі бастамасына 10 жыл толды.
Есірткі • 23 Сәуір, 2025
Кейінгі бес жылда есірткіге тәуелді жастар көбейіп барады. Деректерді сараласақ, құрамы құбылған синтетикалық өнімдерді тасымалдаушылар 16 мен 32 жас аралығындағы азаматтар болып шықты. Қазір олардың шамамен 1 200-і осы қылмысы үшін темір торға тоғытылған.
Құқық • 22 Сәуір, 2025
Сот орындаушыларына сенім неге азайды?
Елімізде жеке сот орындаушыларына қатысты азаматтардың шағымы екі есеге артқан. Жұрт көбіне құқықтарының бұзылатынына, қаражаттың кеш аударылатынына, сот орындаушыларының әрекетсіздігіне наразы болған. Әділет министрлігінің мәліметінше, былтыр мұндай 89 мыңнан аса шағым түскен. Аталған мәселе Мәжілісте өткен Үкімет сағатында жан-жақты талқыланды.
Үкімет • 17 Сәуір, 2025
Эндаумент-қор туралы заң жобасы мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Жиында депутаттар эндаумент-қор туралы және оған ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда қабылдады. Сондай-ақ қатысушылар аумақтық қорғаныс және Ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың шамадан тыс заңнамалық регламенттелуін болғызбау туралы құжаттарды қарады.
Үкімет • 10 Сәуір, 2025
Салық кодексінің жаңа жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтіп, депутаттар Салық кодексінің жобасы мен салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді талқылады. Сондай-ақ палата комитеттері заң және тәртіп қағидатын күшейтуге бағытталған жаңа құжатты жұмысқа қабылдады.
Құрылтай • 09 Сәуір, 2025
Оңтүстік Кореяда Азия елдеріндегі қазақтардың екінші құрылтайы өтті. Бұл жолы Йонин қаласында Малайзия, Жапония және Моңғолиядағы қазақ диаспораларының өкілдері бас қосты. Жиынға қатысушылар мәдени және экономикалық ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты.
Форум • 04 Сәуір, 2025
Үндістан – Орталық Азия форумы
Ел жастары тәжірибе алмасу үшін Үндістанға барды. Олар 21-28 наурыз аралығында өткен ІІІ Үндістан – Орталық Азия жастар делегациясы форумына қатысты. Мәдени және дипломатиялық алмасу бағдарламасына Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан елдерінің белсенді азаматтары қосылды.
Сұхбат • 04 Сәуір, 2025
Альбина ДЕВИВЫЕ: Қазақтілді медиа саласына үлес қосқым келеді
Кеңес кезеңіндегі солақай саясаттың ықпалымен жаппай жер аударған азаматтар құшағы кең қазақ елін тек қоныс көрмей, отанындай сыйлайды. Оған анық әрі айқын дәлел – мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, салт-дәстүрді жетік меңгерген өзге этнос өкілдерінің жылдан-жылға артуы. Мәселен, қарағандылық Альбина Девивые ес білгеннен қазақ тілінде еркін сөйлейді. Бүгінде Е.А.Бөкетов атындағы университеттің журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген жаспен аз-кем сөйлесудің сәті түсті.
Саясат • 29 Наурыз, 2025
Ассамблеяның белесті іс-шаралары жалғасады
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кезекті кеңейтілген отырыс өтті. Достық үйінде ұйымдастырылған басқосуда ұйымның жетістіктері, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы рөлі туралы ой қозғалып, биыл ұйымдастырылатын іс-шараларды жүзеге асыру барысы талқыланды.