Мирас • Бүгін, 08:00
Құсбегілердің қанжығасы майланды
6–8 наурыз аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 10 елінен құсбегілер қатысып, шеберлік сынасты. Қазақстан құрамасы сапында үш құсбегі барды. Солардың қатарында Абай облысы Үржар ауданының тумасы Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Аймақтар • Кеше
Баспана – қоғам тұрақтылығының кепілі. Абай облысында тұрғындарды үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс өз жемісін беріп, Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы 50 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Ел анасы, ерте оянған санасы...
Қазақ тарихына үңілсек, ел тағдырына араласқан қайсар қыздардың ізі әр кезеңнен табылады. Олардың арасында отты ХІХ ғасырда шаңырақтың ұйытқысы ғана емес, білімде, ғылымда, журналистикада, саясат пен мемлекеттік басқаруда да жол ашқан тұлғалар болды. Қиын дәуірдің кедергілеріне қарамастан, заманының көкжиегін кеңейтіп, қазақ әйелінің көрегендігін көрсетті.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2026
Еліміздегі агросектор бір ғана астықпен өлшенетін кезеңнен өтті. Бүгінде ел әлемдік нарықта күнбағыс майын экспорттаушы ТОП-ондықтың 8-сатысына көтеріліп, ал Еуропалық одақ елдеріне күнбағыс шротын жеткізуде алғашқы үштікке енді. Ендігі міндет – шикізатты сыртқа шикілей шығара бермей, оны ел ішінде өңдеп, қосылған құнды арттыру.
Жастар • 20 Ақпан, 2026
Былтыр сәуір айында Мемлекет басшысының жастар саясатын дамытуға қатысты тапсырмасына сай, Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы құрылған болатын. Осы ретте, аталған басқарманың атқарған жұмыстарына шолу жасаған едік.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әңгіме арқауы – руханият мәселесі
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада облыс әкімі Берік Уәли жергілікті ақын-жазушылармен еркін форматта кездесу өткізді. Оған қала-аудандардан келген зиялы қауым өкілдері, айтыскерлер, жазба ақындар мен қаламгерлер қатысты. Жиында өңір басшысы әуелі қалам ұстаған қауымның қоғамдағы орнына тоқталды.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді
Абай облысында 2025 жылы іске асырылған инвестициялық жобалар саны 29-дан 101-ге дейін артты. Өңірде Мемлекет басшысының қолдауымен Абайдың 180 жылдығына орай «Абайға құрмет» республикалық акциясы басталды. Ұлы ақын есімін иеленген өңірде басқа қандай ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр? Бұл туралы облыс әкімі Берік УӘЛИМЕН әңгіме өрбіткен едік.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Нефрология орталығы салаланып келеді
Семей қаласының Қарағайлы шағын ауданында жеке инвестордың қаражатына салынған нефрологиялық орталық былтыр қазан айында жұмысын бастаған еді. Оған құйылған инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды. Орталықта 40 тұрақты жұмыс орны ашылған.
Университет • 04 Ақпан, 2026
Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым
Әрдайым жаңашылдыққа баса мән беріп, студенттердің алаңсыз білім алуына, денсаулығын шыңдап, саламатты өмір салтын ұстануына назар аударатын Шәкәрім университетінде тағы бір қуанышты жаңалықтың лебі есті.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2026
Жедел жәрдем автопаркі жаңарды
Семейдегі облыстық жедел медициналық жәрдем стансасына су жаңа санитарлық көліктер табысталды. Өңір басшысы Берік Уәли арнайы техниканың алғашқы легі – 10 автокөліктің кілтін медицина қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырды.