
Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Такси тарифі қалай тізгінделмек?
Қарым-қатынас құралынан қалтадағы көмекші деңгейіне дейін өскен телефон сан түрлі сервистің бағын ашқандай. Бүгінде мобильді мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, екі жеп биге шығатын такси агрегаторларының дәурені жүріп тұр. Құлашын кеңге сермеген әлемге танымал қызмет түрі жаңа нарықта да өзін судағы балықтай сезінеді.
Қоғам • 25 Мамыр, 2024
Инклюзивті ортаны дамыту халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға жәрдемдесетін іс-шаралардың негізгі бөлігін құрайды. Бірыңғай қайырымдылық операторының биылғы жоспарында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жүйелі жобаларға, оңалту орталықтарын ашуға, бейімделген спорт кешендерін салуға ерекше маңыз берілген.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Зейнетақыны уақтылы ресімдеудің маңызы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары бар, жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен адамдардың, сондай-ақ егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша алуға құқығы бар екенін еске салады.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Қанша отбасы әлеуметтік тығырықтан шықты?
Әр адамның азық-түлік, баспана, денсаулық, білім секілді негізгі өмірлік қажеттіліктерге материалдық ресурсы жеткілікті болуы шарт. Тұрмысы төмен, тиісті білімнен, сапалы медициналық көмектен тыс қалған азаматтарын есіркемейінше ешбір ел қоғамды дамыта алмасы анық. Жаһанның жанды жері болып отырған кедейлік проблемасы – еліміз үшін де өткір сын-қатердің бірі. Оны ойдағыдай еңсеруге тек дұрыс стратегия, мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігері керек.
Медицина • 11 Мамыр, 2024
Жыры бітпеген денсаулық жарнасы
Бұрын медициналық қызметтердің сапасы туралы көбірек айтсақ, қазір медициналық көмектің азаматтарға қаншалықты қолжетімді екеніне баса мән беретін болдық. Өйткені денсаулық сақтау жүйесінің шығыны артқан сайын тегін көмектің аясы іс жүзінде тарылып барады.
Жастар • 25 Сәуір, 2024
Ауыл жастарын ынталандыру қадамы
Ауыл-аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту мақсатында «Дипломмен – ауылға!» жобасы іске асырылып келеді. Жас мамандардың елді мекендердегі саны мен сапасын арттыру үшін оларды ынталандыратын шаралар қажет.
Сараптама • 24 Сәуір, 2024
Ірі қалаларда қатқыл тұрмыстық қалдықтардың ұлғаюы халық санының көптігіне тікелей қатысты. Оған қалдықтарды реттеудегі кемшіліктер, қаржыландырудың жеткіліксіздігі қосылып, соңында елдегі экологиялық, санитарлық жағдайға әсер ететіні белгілі. Бұл тұста қоқыс шығару тарифін көтеру сала сапасын қаншалықты өзгертпек?
Еңбек • 10 Сәуір, 2024
Еңбек өнімділігінің төмендігі, мемлекеттің жұмыспен қамтуды арттыру бойынша аймақтық саясатындағы ауытқулар, туу көрсеткіші күрт жоғарылаған 2000-жылдарғы динамика болашақта жұмыс күшінің үлкен ағынына алып келеді. Жұмыс орындарын көптеп ашу, жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген жағдайда таяу жылдары елімізде жұмыс іздеушілер саны 2022 жылмен салыстырғанда 1 млн адамға артуы мүмкін.
Алматы • 05 Сәуір, 2024
Жер сілкінісінен сақтандыру міндетті бола ма?
Сақтандыру компаниялары табиғи апаттардан мүлікті сақтандырудың әртүрлі өнімін көптен бері ұсынып келе жатқанымен, олар тұрғындар тарапынан сұраныстың төмендігіне байланысты кеңінен танымал бола алмады. Бірақ алып шаһарды дүрбелеңге салған екі қуатты жер сілкінісі жағдайды күрт өзгертіп, апаттық тәуекелдерден міндетті сақтандыру мәселесін күн тәртібіне қайта шығарды.
Талбесік • 05 Сәуір, 2024
Қатты қалдық өңдеуде кедергі көп
Республикамыздың «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға қарай елімізде коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші 40%-ды құрауға тиіс. Кейінгі жылдары қалдықтарды басқару жүйесінің әр деңгейінде көптеген мәселе қордаланғанын ескерсек, бұл көрсеткішке қашан қол жеткізетініміз әлі белгісіз.