Энергетика • 17 Тамыз, 2024
Алдағы күз айларының бірінде елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыхалықтық референдум өтпек. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында: «Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», деді. Референдумның нақты күнін Мемлекет басшысы Үкімет белгілейтінін айтқан еді.
Экономика • 03 Тамыз, 2024
Энергия тапшылығы қалай шешіледі?
Соңғы кездері энергия тапшылығы туралы мәселе жиі қозғалып жүр. Жылдан-жылға халық санының көбеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жалпы экономиканың өсуі электр энергиясының тұтыну көлемін айтарлықтай арттырды.
Экономика • 02 Тамыз, 2024
Мүлікті сақтандырудың мүмкіндігі қандай?
Биылғы су тасқынынан зардап шеккен халықтың жағдайы елімізде тұрғын үйлерді сақтандыру мәселесіне түрткі болды. БҰҰ мәліметінше, соңғы 20 жылда дүние жүзінде табиғи апаттар, яғни жер сілкінісі, су тасқыны, құрғақшылық пен дауыл саны екі есе өскен. Ел халқының 75 пайызы дауыл, лай көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкінісі, орман және дала өрттері секілді табиғи апаттардың қаупі жоғары аумақта орналасқан. Халықаралық тәжірибеде мұндай табиғи және техногендік апатты аймақтары бар елдерде арнайы сақтандыру қорлары, мемлекеттік бағдарламалар мен міндетті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді.
Құқық • 27 Маусым, 2024
Тұтынушылар құқы қалай қорғалады?
Сауда орындары тарапынан келеңсіз жайттарға кезігіп, жарамсыз тауарды қайта өткізе алмай, тиісті органдарға жүгініп жататын тұтынушы көп. Сарапшылар болса, қолданыстағы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңда олқылықтар бар екенін, оған өзгерістер енгізу қажеттігін ескертеді.
Қаржы • 27 Маусым, 2024
«Open Banking»: Банк секторындағы үміт пен күдік
Шілде айынан бастап елімізде «Open API» технологиясы негізінде «Open Banking» жүйесі енгізілмек. Әлемнің дамыған елдерінде тиімді қолданылып келе жатқан ашық банкинг, ең алдымен, ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастырмақ. Қазіргі уақытта қолма-қол ақшаны пайдаланудан гөрі тауар мен қызметке QR арқылы төлем жасау, ел арасында, тіпті бір отбасы адамдары арасында да ақша аударымдарын белгілі бір банк қосымшасы арқылы жүргізу өзгермейтін қалыпты жағдайға айналды.
Еңбек • 22 Маусым, 2024
Елімізде ұйымдасқан қылмыстық топ, кәнігі қанішер мен баукеспе ұрылардың қылмысын әшкерелеуде аянбай тер төккен марқасқа азаматтар жетерлік. Негізінен тәртіп сақшысының қайырымды, адал, батыл, шалт қимылдап, жылдам шешім қабылдай алатын қасиетін бүгінгі кейіпкеріміздің атқарған ерен еңбегі мен жүріп өткен жолынан байқауға болады.
Экономика • 21 Маусым, 2024
Отандық жаңа зауыт іске қосылды
Кеше Алматы қаласында Мемлекет басшысының жоғары тиімді цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмасына байланысты «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің мобильді кешенін өндіретін алғашқы зауыттың ашылу рәсімі өтті.
Салық • 20 Маусым, 2024
Осыдан екі жыл бұрын қолға алына бастаған жаңа Салық кодексі әрбір кәсіпкер мен қарапайым салық төлеушіге түсінікті болумен қатар, ел экономикасына да оң ықпалын тигізуі керек. Алайда мемлекеттік органдар әзірлейтін салық заңнамасының жобасы бизнес өкілдерінің ұстанымымен үндесе бермейтінін де атап өткен жөн. Бүгінде кәсіпкерлер мен салалық сарапшылардан 60-тан аса ұсыныс келіп түскен.
Экономика • 13 Маусым, 2024
Креативті индустрия қалай дамып жатыр?
Қазіргі таңда экономиканың басым бағыттарының біріне айналып отырған креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Ол біраз елде мемлекеттік қолдауға ие болып, нарықта ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ) қосқан үлесі 3 пайызға жетеді. Кей дамыған елдерде 10-12 пайызды құрайды екен.
Экономика • 11 Маусым, 2024
Креативті индустрия қалай дамып жатыр?
Қазіргі таңда экономиканың басым бағыттарының біріне айналып отырған креативті индустрия – қаржының ерекше саласы. Ол біраз елдерде мемлекеттік қолдауға ие болып, нарықта ІЖӨ-ге қосқан үлесі 3%, ал кейбір дамыған елдерде 10-12%-ды құрайды, деп жазады Egemen.kz.