Өндіріс • 16 Сәуір, 2024
Отандық өндірушілерді қолдау қарқыны
Елімізде отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуде жаңа өнеркәсіптік саясатқа көшу, қайта өңдеуде жоғары кластерлерді құру мен елішілік құндылықтарды арттыру міндеттеріне баса мән берілген. Өткен жылы біздегі тауар өндірушілердің дайын тауар айналымы шамамен 39,4 млрд долларды құраған.
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасады
Қазіргі таңда еліміз соңғы 80 жылдағы ең үлкен су тасқынына тап болып отыр. Соның салдарынан алпыстан аса елді мекен сыртқы қатынаспен байланысын үзген. Әсіресе, батыс, шығыс және солтүстік өңірлеріндегі жағдай қиындап барады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы екі күнде су басқан аумақтардан 80 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 4000 мыңнан астам тұрғын үй мен 500-ге тарта аула аумағы су астында қалған.
Сұхбат • 11 Сәуір, 2024
Ел бюджетіне қайтарусыз әрі өтеусіз міндетке кіретін ақшалай салық төлемдері соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік процестер арасында тепе-теңдік мәселесін шешуге жеткілікті бағытталмай тұр. Бұл ретте Тұран университеті «Қаржы» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Лутпулла Омарбакиевті сөзге тартқан едік.
Қаржы • 10 Сәуір, 2024
Таяуда халықаралық сарапшылар еліміздегі банк секторының сенімділігі мен тұрақтылығына тағы бір талдау жүргізді. «S&P Global Ratings» агенттігі активтер сапасы мен реттеушілік қадағалаудың жақсаруына байланысты біздегі 5 екінші деңгейлі банкке (ЕДБ) «барлау» жасаған.
Экономика • 02 Сәуір, 2024
Әлемдік мұнай нарығының дамуына сұраныстың өзгеруі, саяси қақтығыстар және инновациялық технологиялар секілді түрлі факторлар өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл нарық қатысушыларына жаңа мүмкіндіктер мен жаңа сын-қатерлер тудырып жатыр. АҚШ Энергетика министрлігінің (EIA) энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметі бойынша, жақын арада әлемде мұнайға деген сұраныс артады деп күтіледі. Нақтырақ айтқанда, биыл мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 102,98 млн баррельді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 млн-ға артық.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2024
Қазақстан-Қытай форумы: Сауда және экономикалық ынтымақтастық кеңейтілді
Таяуда Астана қаласында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай – Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөнінде экспорттаушылардың екінші форумы өтті.
Салық • 19 Наурыз, 2024
Бастапқы жоспар бойынша қосымша құн салығы (ҚҚС) өсімі бюджетке 2 триллион теңгеден астам кіріс әкелуге тиіс еді. Бұл мәселе өзектілігін жойған соң, қаражатты қайдан аламыз деген сұрақ туындады. ҚҚС көтерілуіне қарсы болған кәсіпкерлердің айтуынша, ең абзалы – бизнеске жағдай жасау, сонда Үкіметтің бюджет алдындағы жауапкершілігі жеңілдейді. Мәселен, Үкімет 1 жұмыс орнын ашу үшін 150 мың доллар жұмсаса, бизнесте мұны 15 мың доллармен шешуге болады екен.
Қаржы • 19 Наурыз, 2024
Ашық банкинг асығыстықты көтермейді
Отандық қаржы жүйесінің белсенді цифрлануы нәтижесінде көп өтпей кез келген тұтынушы смартфонындағы бір банк қосымшасы арқылы бірнеше банктегі қаржылық жағдайын бақылап отыруға қол жеткізеді. Яғни банктің мобильді қосымшасымен жеке кабинетке кіріп, бірнеше шотты басқаруға және тұрақты төлем мен аударымдарды жүргізуге, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, өзінің кірісі мен шығысын талдауға мүмкіндігі бар.
Салық • 18 Наурыз, 2024
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қатысушылары өткен жылдың соңына қарай ел бюджетіне 85,2 млрд теңге шамасында салық төлеген. Биыл қаңтар айында төленген салық сомасы 90 млрд теңгеден асып отыр. Мамандар бұл 2018 жылғы сомадан шамамен 60 есе көп екенін айтады. Осыдан екі жыл бұрын аталған орталықтың реттеу жүйесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) салық ашықтығы стандартына сай келді деп танылған.
Бизнес • 08 Наурыз, 2024
Соңғы онжылдықта кәсіпкерлік саласында әйелдердің табысты кейстерін көзіміз жиі шалатын болды. Әрине, табысқа жетудің сан түрі бар. Бірі өз бетінше дағдыланса, бірі қандай да бір ұйымдардың қолдауымен жетіліп жатыр. Осы орайда нәзік жандардың қарым-қабілетін дамытуға жол ашқан «TechnoWomen» қауымдастығын айырықша атап өтсек болады.