
Кино • 28 Шілде, 2022
Корея кинематографистері келді
«Қазақфильм» киностудиясына кореялық Big ocean entertainment кинокомпаниясының өкілдері келді. Big Ocean Entertainment – сериалдар, фильмдер мен музыкалық контенттердің ірі өндірушісі. Сондай-ақ компания ойын-сауық шоуларын жасайды.
Кино • 27 Шілде, 2022
Халықаралық алаңдағы Қазақстан киносының қауқары қандай?
«Әлемдік өлшеммен алғанда Қазақстан кинематографиясының әлеуеті қандай?» деген көрермен көкейінде жүретін өзекті сауал киногерлердің өзі үшін де маңызды. Бұл сұрақтың астарында, әлбетте, айтылмаса да, «экспортқа» шығатын фильмдердің елді таныстыратындай сыр-сипаты болса» деген тілек қоса жасырулы тұрады.
Аймақтар • 17 Шілде, 2022
Мерейтой Мельбурннан басталады
Белгілі жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің 80 жылдық мерейтойына орай жоспарланған ауқымды шаралар жиынтығы алыстағы Мельбурннан басталады. Бұл жаңалықты Еуразия кеңістігінде өмір сүретін халықтардың ұлттық мәдениетін өркендетумен айналысатын Ұлыбританияның қоғамдық ұйымы – Eurasian Creative Guild (Лондон) төрағасының орынбасары әрі Hertfordshire Press Баспалар үйінің басшысы Марат Ахметжанов пен Аустралияның белгілі театр режиссері Уоррен Уиллс сүйіншіледі.
Аймақтар • 16 Маусым, 2022
Архив ісін дамытуға арналған мектеп
15 маусымда Президент Архивінде жас архившілердің V Жазғы мектебінің ашылуы болып өтті. Үш күнге созылатын дәстүрлі іс-шара архив ісін дамыту мақсатында 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп ұйымдастыруынан бастау алған болатын. Биылғы жастар форумының жылдағыдан өзгешелігі «Цифрлық трансформация жағдайындағы ұлттық архивтік заңнамалар» атты арнайы тақырыппен аралас форматта (оффлайн және онлайн Zoom платформасында) ұйымдастырылғанында болып отыр.
Сұхбат • 12 Маусым, 2022
Нұрлан Оразалин: «Жауыңды басындырма, Халқыңды ашындырма!»
Көк Түріктер дәуірінің көсемі Тоныкөктің осы бір құдыретті сөзімен сұхбатымыз басталды.
Қазақстан • 07 Маусым, 2022
Қилы кезеңнің жазықсыз құрбандары
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде еліміздегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» атты Мемлекеттік комиссияның Жұмыс тобының дөңгелек үстелі болып өтті. Жиын аясында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік тұлға» тарихи-құжаттық көрмесі ұйымдастырылды.
Өнер • 06 Маусым, 2022
Made in KZ музыкасын қолдайтын уақыт жетті
Алматыда заманауи қазақстандық музыканың алғашқы ауқымды фестивалі өтеді. Фестиваль ((beu fest)) деп аталады. Алғаш рет бір алаңда жаңа толқынның ең жарқын өкілдері бас қосып, өнер көрсетеді. Пандемия кезіндегі оқшау өмірдің өзінде жас таланттар шығармашылық өнерін өркендетіп жатты. Бұл фестивальдің басқа өнер жәрмеңкесінен ерекшелігі – әртүрлі стиль мен жанрда ән айтатын түрлі бағыттағы қазақстандық жас музыканттардың басын бір алаңда біріктіру.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Алматы аумақтық референдум комиссиясының басшысы шағымдарға жауап берді
Алматы аумақтық референдум комиссиясының басшысы келіп түскен шағымдарға байланысты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 01 Маусым, 2022
Биыл қазақтың әдебиеті мен тарихына теңдессіз көркем туынды сыйлаған Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл, ал жазушының есімін әлемге әйгілі етіп, ұлылыққа бөлеген «Абай жолы» эпопеясының жазылғанына 80 жыл толып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Италияның Джузеппе Верди атындағы сыйлығының иегері, профессор Шахимардан Әбілов ұлт руханиятындағы айтулы оқиғаны дәріптейтін дәстүрінен жаңылмай, Абай атындағы ұлттық Опера және балет театрының залында «Ой толғау» атты үш бөлімнен тұратын моноопераның алғашқы бөлімін ұсынды.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2022
Құрбандар есімі ұмытылмауға тиіс
Алматы халқы арада жүз жыл өтсе де қасіреттің жасы әлі құрғамағанын көктен көздің жасы тамғандай нөсерлете жауған жаңбырдың астында тұрып сезінді. Жыл сайын 31 мамырда ашқұрсақ баласын құшақтап, аштықтан әлсіреген ананың бейнесіндегі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына орнатылған ескерткіш түбіне жиналатын шаһар тұрғындары атаулы күнге орай зұлмат жылдары опат болған асыл бабаларын еске алды.