
Аймақтар • 06 Мамыр, 2022
Құрылған күнінен бастап ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі күзетінде күрделі белестерді абыроймен арқалап келе жатқан Қарулы Күштердің 30 жылдық мерекесін Алматыдағы Президент Архиві де атап өтті. Архив басшылығы атаулы күн аясында «Тәуелсіз ел әскері: Міндет. Абырой. Ерлік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, іс-шара қатысушыларына тақырыпқа сай тарихи-құжаттық көрмені таныстырды.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2022
Қарулы Күштер туралы құнды құжаттар
Мазмұны ұлттық идеямен өрілген әрбір мемлекеттік стратегиялық құжатта әскери қауіпсіздік мәселесі қашанда басымдыққа ие болып келеді. Ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құралы саналатын сала жұмысын көпшілікке таныстыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі бірлесіп, Қарулы Күштердің құрылуының 30 жылдығына орай «Қуатты Армия – қуатты Қазақстан» атты тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды.
Өнер • 29 Сәуір, 2022
Рүстем Әбдіраш: Жеңіс пен жетістіктің бастауында бірлік тұрады
Театр • 26 Сәуір, 2022
Театр әлеміне өзгеше құбылыс болып келген талантты режиссер, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Фархад Молдағалидың «Құлагер» дастанын драма тілінде сөйлеткеніне де биыл үшінші жылдың жүзі толыпты. Бәйге мен бақталастықты, аламан мен арпалысты тұлпар тұяғының дүбіріне сыйдырған «Құлагер» спектаклі сахналанған күннен бастап сыншы біткеннің бағасын алып, сахна сайыстарында топ жарумен келеді. «Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас, артынан жөнелгенде жетпес жылқы». Құлагердің өлеңдегі өр сипаты шабыт пен шеберліктің үйлесімінен туған спектакльден де көрініс тапты.
Қоғам • 25 Сәуір, 2022
Жанарының сәулесі көмескі тартса да, қара түнек ішінен таяғымен түртінектеп жол тауып, әр күнінен мән іздеп, өмірін мағынамен жалғап жүрген зағип жандардың мәселесі тек көпқабатты үйлерге пантус салып берумен немесе көше қиылысына сөйлейтін бағдаршам орнатып берумен шешілмейді. Көзі көрмейтін адамдардың көпшілігінің жанарында жарық болмағанымен, айналасын тереңірек сезінетіні, ең нәзік дыбыстың өзіне елітетін ерекше қасиеті бары баршаға белгілі ақпарат.
Өнер • 22 Сәуір, 2022
Шынар Жанысбекова: Өнегелі тағдырдың шуағы өміріңе сәулесін түсіреді
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбековамен әңгіме.
Өнер • 19 Сәуір, 2022
Дарынды ұрпақ дара ұлт қалыптастырады
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Балалар жылы» аясында «Балалар әлемі» атты республикалық балалар шығармашылығы көрмесі ашылды.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2022
Тастұғырдың үстінде – тұтас дәуір бейнесі
Алматыда қазақ ән әлемінің падишасы, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағлановаға ескерткіш орнатылды. Еңбек жолының елеулі кезеңі өткен Жамбыл Жабаев атындағы мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдынан бой көтерген ескерткіш – әйгілі әншінің 100 жылдық мерейтойына лайықты тарту.
Сұхбат • 15 Сәуір, 2022
Есетжан Қосыбаев: Жаңа жағдайда жұмыс істеуге тура келеді
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қолдаудан үмітті киножобаларды іріктеу тақырыбына арналған екі үлкен брифинг өткізді. Биыл фильмдерді қаржыландыру қағидаларына түзетулер енгізген заңнамадағы өзгерістер кинематографистердің көп бөлігі үшін талқылаудың басты тақырыбына айналды. Жаңа ережелерге байланысты Киноорталықтың алдында тағы қандай міндеттер пайда болды? Кино саласындағы іргелі өзгерістердің ұйытқысы болған «ҰКҚМО» КЕАҚ Басқарма төрағасы Е.Қосыбаев тың ақпараттармен бөлісті.
Ахмет Байтұрсынұлы • 12 Сәуір, 2022
Ахметтанудағы ізденіс ілгерілей береді
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіліп отырғандықтан, тағылымды шаралар тізбегі Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы Алматыдағы Ұлттық кітапханамен бірлесе отырып ұйымдастырған «Ұлт ұстазы һәм Алаштың Ахметі» атты халықаралық конференциямен жалғасын тапты.