
Кино • 18 Маусым, 2025
Мақсат – ұлттық киноның көкжиегін кеңейту
9-12 маусым аралығында Алматыда отандық киноның көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі – мемлекет қолдауына үміткер киножобаларға арналған ашық қорғау болып өтті. Ел қазынасы есебінен қаржыландырудан үмітті 99 жоба бұған дейін екі кезең бойынша іріктеуден сәтті өткен. Дегенмен Достық үйінде өткен таныстырылымда Сараптама кеңесінің мүшелері әр жобаның идеясы мен маңызына тағы да тереңірек үңіліп, мұқият зер салды. Ашық қорғаудың түпкі мәні – әділдікте, байқаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында үш күнге созылған таныстырылым YouTube арнасының тікелей эфирінен таратылды.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Сауалнама – сауатты оқырман үшін сын
Биыл алғаш рет 23 сәуірде Ұлттық кітап күні аталып өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілген атаулы күн елімізде кітапсүйер қауымның, оқырманның, баспагерлердің көптен күткен рухани мерекесі ретінде қабылданды. Ең алдымен, ұлттық әдебиетті қолдауға бағытталған бұл күн, сөз жоқ, алдағы уақытта кітап нарығына да үлкен серпіліс әкеледі деп болжанып отыр.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
«Bösendorfer» күйсандығы таныстырылды
Елімізде алғаш рет Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында әлемдегі ең көне әрі ең атақты концерттік рояль өндірушілерінің бірі – «Bösendorfer» брендінің роялі таныстырылды. Әйгілі компанияның тарихы екі ғасырға жуық уақытты қамтиды.
Қоғам • 06 Маусым, 2025
Шәмшіге арналған пошта маркасы
«Қазпошта» АҚ «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының бастамасымен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған алғашқы пошта маркасын шығарды. Бұл айтулы оқиғаның тұсаукесері Алматы қаласында Ұлттық рәміздер күні қарсаңында өтті.
Алматы • 03 Маусым, 2025
Ұлттық анимациядағы жаңа белес
Алматыда Балаларды қорғау күні қарсаңында «Алтын адам» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Ұлттық анимацияның қоржынына келіп түскен жаңа туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жарыққа шықты.
Мәдениет • 30 Мамыр, 2025
Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығы ашылады
Бұл жөнінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қытай мен Орталық Азия арасындағы мемлекеттік басқару және гуманитарлық байланыстар жөніндегі симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Мамыр, 2025
Алматы ТМҰ-ның жастар астанасы атанады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиевпен кездесу өткізді. Тараптар Астана халықаралық форумына қатысу аясында өткен бұл кездесуде бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 26 Мамыр, 2025
Алматыға келген шетелдік туристер саны артқан
Соңғы үш жылда Алматыда туризм саласында айтарлықтай өсім байқалған. 2021 жылдан бастап қаладағы туристік ағын 91,8% – ға өскен. Бұл ретте шетелдік туристер саны рекордтық 4,2 есеге, ал ішкі туристер саны 56,3% - ға өсті. Туризм саласының өркендеуі нәтижесінде салық түсімдері үш есе ұлғайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Мамыр, 2025
Қазақстандық әнші «The Voice of Azerbaijan» финалында өнер көрсетті
«Әзербайжан дауысы» вокалдық тележобасының финалдық нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байқау • 22 Мамыр, 2025
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер альянсы» ҚҚ ұйымдастырған шаһардың шығармашыл жастары арасындағы «Jas Gala» студенттік көктем байқауы өз мәресіне жетті. Жеңістің 80 жылдығына, Жұмысшы жастар жылына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына, Н.Тілендиевтің 100 жылдығына, Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған студенттер фестивалінің салтанатты марапаттау кеші «Concordia» театрында өтті.