Спорт • Бүгін, 16:30

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 жүлде еншіледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен «Polyák Imre & Varga János Memorial» турнирі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 жүлде еншіледі

Фото: olympic.kz

Халықаралық бәсекеде Жәмила Бақбергенова бастаған ел балуандары боз кілемге шықты. 

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, еркін күрестен 61 келі салмақта белдескен Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болған.

Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 келі) күміс медаль еншілесе, Ержет Жарлықасын (63 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола медальға қол жеткізген. 

Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміс медаль иеленсе, Нилуфар Раимова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.