Сөз болып отырған жейде – Гретцкидің 1988 жылғы Стэнли кубогының финалында киген ойын формасы. Ол Goldin Auctions аукционында 2,8 миллион АҚШ долларына (шамамен 1,2 миллиард теңге) сатылған.
Бұл форма Adidas компаниясы шығарған және тарихи ойындардың бірінде қолданылған. 1988 жылғы финалдың төртінші матчында «Бостон Брюинз» бен «Эдмонтон Ойлерз» кездесіп, ойын 6:3 есебімен аяқталған болатын.
Бұған дейін, 2022 жылы дәл осы джерси 1,452 миллион долларға сатылып, сол кезде рекорд орнатқан еді. Ал жаңа сатылым бұл соманы екі есеге жуық арттырып, хоккей формалары арасындағы ең қымбат зат атанды.
Айта кетейік, Уэйн Гретцки – Ұлттық хоккей лигасының аңызы, лига тарихындағы ең үздік бомбардир саналады. Ол «Эдмонтон Ойлерз» клубымен бірге төрт рет Стэнли кубогын жеңіп алған.