Есірткі • Кеше

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында полиция ірі көлемде синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Тергеу мәліметінше, күдікті жалға алған пәтерлерді жиі ауыстырып, сол жерлерде есірткі заттарын сақтап отырған. Тінту кезінде оның тұрып жатқан пәтерінің асханасынан шамамен 1 келіге жуық тыйым салынған зат табылған.

Терезе маңынан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 8 пакет анықталды. Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген заттардың ішінде шамамен 500 грамм мефедрон және 400 грамға жуық альфа-PVP болған.

Полицияның хабарлауынша, ер адам қысқа мерзімге әртүрлі пәтерлерді жалдап, оларды есірткі сақтау үшін пайдаланған. Бұл дерек бойынша аса ірі көлемде заңсыз есірткі айналымы бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Грузияда есірткімен ұсталған Қазақстан азаматы өмір бойына сотталуы мүмкін

Құқық қорғау органдары пәтер иелерін жалға беруде мұқият болуға және күмәнді жағдайлар байқалса, полицияға хабар беруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар