Оқиға • Кеше

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентинада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ерекше қайырымдылық жобасын бастады. Бұл жоба мектептерге музыкалық аспаптар алып беруге және балалардың музыкамен айналысуына көмектесуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

фото: dimashnews.com

Алғашқы көмек Аргентинадағы Мар-дель-Плата қаласындағы генерал Хосе де Сан-Мартин атындағы №5 бастауыш мектепке көрсетілді. Жанкүйерлер аспаптарды жеткізу үшін 400 шақырымнан астам жол жүрген.

Мектепте арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Онда оқушылар мен мұғалімдерге Димаштың шығармашылық жолы таныстырылып, Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрі туралы айтылды. Сонымен қатар ұлттық киімдер мен ақпараттық стендтерден тұратын көрме жасалды.

димаш

Ең ерекше сәттердің бірі – музыкалық кабинетке Димаш Құдайбергеннің есімін беру болды. Бұл Аргентина мектептері үшін сирек жағдай, өйткені мұндай атау әдетте тек өмірден өткен танымал тұлғаларға беріледі. Бірақ бұл жолы Димаштың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі ескерілген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба алдағы уақытта Аргентинаның басқа да мектептерінде жалғасады. Олар музыка балаларды біріктіріп, шабыт беретінін атап өтті.

Мексикадағы қазақтану: Мағжаннан Димашқа дейін

Іс-шара соңында мектеп өкілдері ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар