Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
100 материал табылды

Архив • 23 Қараша, 2023

Архив мұраты – үздіксіз жетілу

Биыл «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылданғанына 25 жыл толып отыр. 1998 жылы заңның қабылдануы қазақстандық архив саласының дамуындағы тарихи кезең болды. Содан бері бұл заңнама архив ісінің дамуына үлкен серпін берді. Осы атаулы күнге орай Президент Архивінде «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» атты арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қоғам • 21 Қараша, 2023

Мазмұны ұлттық таныммен қабыспайтын жарнама

Әлемді тұтас өзіне табындырып отырған жарнаманың қазақ еліндегі халі қалай? Қазақ тілін қорлайтын қате жарнамадан аяғыңды алып жүре алмайтын қаладағы жыларман жағдай сейіліп-сетінейді деген сенім соңында жүргенде, ақыр соңында жылдан жылға қазақы реңі қашып бара жатқан жарнама мазмұны ұлттық танымнан біржола алыстауға бет бұрғандай.

Теңге • 13 Қараша, 2023

Монеталар – ел тарихы мен мәдениетінің айнасы

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Ұлттық банкінің ұйымдастыруымен «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты көрме ашылып, монета дизайнын биік өнер деңгейіне көтерген қаржы саласындағы мамандар қиялына жұрт тәнті болды. Ұлттық валютаның айналымға шыққанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған көрмені тамашалауға келген көпшілік алтыннан, күмістен, сондай-ақ басқа да бағалы металдан соғылған 160-қа жуық монета түрімен таныса алады. Сонымен бірге көрмеге халықаралық байқауларда үздік деп танылған монеталар да қойылған. Салмағы 1 кг болатын, сирек кездесетін монета үлгілері де көпшілік назарына ұсынылды.

Сұхбат • 05 Қараша, 2023

Шалқар Жүсіпов: Дәстүрлі микрокредиттер мен PDL-қарызының аражігін айқындау қажет

Классикалық микроқаржы ұйымдарының бизнесті қаржы­ландыру мен халықтың шамадан тыс кредит алуы туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің оқырмандарына KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов кеңінен әңгімелеп берді.

Қоғам • 03 Қараша, 2023

Дербестік декларациядан басталады

Ұлттық һәм ұлық мереке – Республика күніне орай Пре­зидент Архивінде «Тәуелсіздік бәрі­нен қымбат» атты дөңгелек үстел ұйым­дас­тырылып, егемен елге айналудың ал­ғы­шартын құжат жүзінде таңбалап берген декларацияның дайындалуы мен қа­был­дануына байланысты келелі ой өрбітті.

Архив • 20 Қазан, 2023

Қонаев құжаттары Президент Архивіне тапсырылды

Күрделі кезеңде Қазақстанды басқарған тұлға, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың жеке құжаттары мемлекеттік сақтауға берілді.

Руханият • 15 Қазан, 2023

Әдебиеттанудың қаһарманына тағзым

Әдебиеттануда елеулі мектеп қалыптастырған біртуар ғалым, белгілі ұстаз Бейсембай Кенже­бай­ұлы – ұлт руханиятының биік тұғырынан орын алатын тұлға. Ұлт мұратын өмірлік ұстанымы етіп, қазақтың әдебиеттану ғылымына қиын кезеңде қасқайып қызмет еткен профессордың ғылым кеңістігіндегі орны уақытпен бірге биіктеп, асқақ тартып келеді. Аяулы ғалым тәрбиелеген шәкірттерінің өнерге адалдығы, артында қалған байтақ мұрасының өміршеңдігі, өнегелі өмір жолын баяндаған естеліктер мен еңбектердің жарыққа шығып, оған деген құрметті оята түсуі күрескер ғалым есімінің ешқашан көмескі тартпайтынын көрсетсе керек. Күні кеше Алматы тұрғындары көрнекті ғалым атын ардақтаудың тағы бір жарқын көрінісіне куә болды. Ғалымның өзі 25 жыл тұрған М.Төлебаев көшесіндегі №154 үйдің қабырғасына тағзым-тақта орнатылды.

Мәдениет • 12 Қазан, 2023

Мәдени өрістің маңызы зор

Жақында Алматыда «Кеше, бүгін, ертең: түркі мәдениетінің сәулет және көркем ескерткіштері» атты жалпы атаумен бірнеше халықаралық жобаның тұсаукесер рәсімі өтіп, ол руханият өрісінің кеңеюінде маңызы бар игілікті бастама ретінде зиялылар ортасында қолдау тапты. Еліміздің ұлттық дәстүрін сақтау және ілгерілету ісіне өз үлесін қосу мақсатын көздеген ауқымды іс-шара белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің қолдауымен ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығында өтті.

Тұлға • 05 Қазан, 2023

Тағдырға бас имеген тұлға

Өмірін ұлттық мүддеге арнаған көрнекті ғалым, күрескер жазушы Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қыз­меткері, тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетханның 80 жыл­дығына орай өткен «Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстанның жаңа тарихи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өне­гелі өмір иесінің өз басынан ғана емес, жалпы тарих арнасының тағылымды тұс­тарын тарқатқан мазмұнымен ерекше сипатта өтті.

Әдебиет • 03 Қазан, 2023

Адалдық пен парасат суреткері

Туған әдебиетіміздің көркемдік көкжиегін кеңейткен, ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып, тақырыптық ауқымын жаңа өрістерге алып шыққан көркемсөз өнерінің айтулы тұлғасы Кемел Тоқаевтың ғасырлық мерейтойы­на орай Алматыдағы Достық үйінде өткен «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ел көлемінде ұйымдастырылған игілікті шаралардың шырқау тұсы болды.