
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
«Әйелім базарда» – түрік тілінде
Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі сатирик-жазушы, Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы Ермахан Шайхыұлының «Сатира сарқыты», түрік тілінде жарық көрген «Әйелім базарда», балаларға арналған «Медина мәзірі» атты үш кітабы көпшілікке таныстырылды.
Өнер • 21 Наурыз, 2024
Оюменен ой айтып, сүйгеніне көңілін кестемен жеткізген қазақ танымындағы киелі мағына жасырылған сан өрнектің құпиясы ілгерілеген кезеңдерге ілескенімен, ішке бүккен сырын жайып салуға асықпай келеді. Мың өрнекті дестелеген кесте өнерінің дәл қай дәуірде пайда болғаны белгісіз, бірақ тарихтың атасы Геродоттың дерегіне қарағанда, антикалық замандағы гректер мен римдіктерден де бұрын алтын жіппен зерленген өрнекті киім алғаш сақтардың жағасы мен өңірінен жалтылдап қылаң берген екен. Әр өрнегіне сыр тұнып, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан қолөнердің бұл түрі, рас, бүгінде әйелдердің ермегі болып есептеледі.
Мәдениет • 13 Наурыз, 2024
Әйел теңсіздігін Әбілхан да әдіптеген...
Бала күні тауқыметпен басталып, «бай мен кедей» кезеңінің қиындығын өз басынан өткеріп өскен халық суретшісі Әбілхан Қастеев туындыларында үрейден арылмай, үркек болып жетілген жұртының ең жіңішке үмітін үзбеуге тырысады. Шетсіз-шексіз қазақ жерінің сұлулығы, аспанмен таласқан таулары, жотасындағы жайлауы, ақшаңқан киіз үйлері, желмен жарысқан жылқылар, жұмыс үстінде көрінетін еңбек адамдарының жүзіндегі жайсаңдық – туған жерін кең жүрегімен сүйген Ә.Қастеевтің қайталанбас шығармаларына арқау болды.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024
Генерал және лампас – лауазым-шеннің биігінде жарқыраған алмас. Қазақстан тарихында бұрын-соңды белдемше киген генерал болмаған. Алдаспан ердің сойына ғана жарасқан генерал шенін қызмет сатысымен өрлегендердің ішінде ірілігі екшелген ілуде біреудің болмаса жаратылысы нәзік әйелдер қауымы арасынан жарып шығып, уысында ұстап, ұлықталғаны жоқ еді. Қақпасы тарс бекітулі, қойнауы жұмбақ бұл әлем әйелге келгенде ашылмайтын. Қоғамда қалыптасқан сірескен сең секілді түсінік, шамасы, он жыл бұрын шытынап түсіп, күл болды.
Экономика • 01 Наурыз, 2024
Микробизнесті дамытуға – 50 миллион доллар
KMF пен Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі осындай шешім қабылдады.
Көрме • 29 Ақпан, 2024
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде талантты мүсінші Данияр Сарбасов ERKINDIK атты алғашқы жеке шығармашылық көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Көрменің атауы суретші үшін шығармашылық еркіндіктің, ой еркіндігінің маңыздылығын көрсететін терең мазмұнға ие. Сондай-ақ көрме атауына негіз болған «Еркіндік» мүсінінде бір арнаға тоғысқан тұлпар мен бүркіттің біртұтас бейнесі еркін қалықтап, осы сезімді ұғынуға жетелейді.
Театр • 28 Ақпан, 2024
Қуыршақ театрында – Бекзат бейнесі
Алматыдағы қуыршақ театры спорт тарихында өшпес із қалдырған ұлт мақтанышы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттарханның бейнесін кішкентай көрермендерге «Чемпион» атты жаңа қойылыммен таныстырды. Алғаш рет сахналанып отырған чемпион туралы туынды Бекзаттың дүниеге келуінен бастап, оның Олимпиада жүлдегері атануына дейінгі тұтас ғұмырын жігерлі баяндайды.
Театр • 22 Ақпан, 2024
Әлемді билеген қолбасшылар мен әміршілер туралы жазылған өнер шығармасы ешқашан жерде қалмайды. Шыңғыс хан қылышын ұстап, сахнаға шықса, көрерменді де елең еткізетінін режиссер жақсы біледі. Себебі әміршілерді арқау еткен пьесада ел мен жердің өзекті мәселесін еркін әңгімелеудің мүмкіндігі мол. Бұл – қызық тақырып. Сегіз жүз жыл бұрын мәмлүктердің арасынан суырылып шығып сұлтан болған Бейбарыстың да даңқ-дақпырты ұлы қағандардан кем емес. Мысыр елін жүйелі басқарған, даңқы жер жарған ұлы тұлға мұсылман баласының басын біріктіріп, үлкен жеңістерге жетелегені күні бүгінге дейін халық аузында аңыз болып тұр. Түркі текті Бейбарыс сұлтан туралы көркем шығармалардың жыл сайын жаңа интерпретациямен толығуы – театр режиссурасы үшін драматургиялық айрықша ізденіс.
Тұлға • 20 Ақпан, 2024
Тұлғаларды тұғырына қондырған мүсінші Бақытжан Әбішевтің мұрасын әспеттей алып отырмыз ба?
Өнерде жүрген екі адамның бірін-бірі қапысыз тауып, отау құрып, жан дүниесін де, махаббатын да шығармашылық дәнекерлеп тастағандай, шаңырағы бөлінбей, бүтін күйінде ел қызығатын танымал отбасына айналуы сирек бұйыратын тағдыр сыйы. Тасты қашап, тіл бітіріп, тарихи марғасқаларды тұғырына қондырған мүсінші мен театрға келген көрерменге күйбең тірлікті ұмыттырып, ізгілік әлеміне жетелейтін актрисаның бір шаңырақ астында бас құрауы өнер өлкесінің жарысып қатар аққан қос бұрым өзеніндей тым жарасымды қабылданады. Шығармашылықтың жалғыздығы мен азабына шыдап, шыбық кезінен осы ортада шынығып өскен екеуінің махаббаты мен отбасылық өмірі өнердің қара қазанында қырық жыл бойы шымырлап бірге қайнады. «Екі қошқардың басы...» деген қазақы тәмсіл талантты екі жасқа келгенде жүзі кетіліп жүрмеді, керісінше, шыңылтыр аязда жүрегінің шоғымен жылытып, шіліңгір ыстықта шынар талдың саясы болып, бірін-бірі аялап, биікке бірге самғады.
Кино • 19 Ақпан, 2024
Есімін мәңгілік мұра етіп иеленген, тоқсан жылдық тарихы бар «Қазақфильм» киностудиясы ұлттық кино өнерінің қалыптасып-дамуына айрықша ықпал еткен аса дарынды суреткер, режиссер Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойына айрықша маңыз берді. Қазақ киносының қара шаңырағы «Қазақфильм» ұлы режиссердің есімін тектен-тек иеленген жоқ. Киностудия – Аймановтың туындысы, шығармашылығы, еңбегі, шәкірттеріне, ізбасарларына, көрермендеріне қалдырған аманаты. Режиссердің ұрпағына қалдырған мұрасына қиянат жасамай, ілгері өркендету – бүгінгі киногерлер қауымының парызы.