Ұлттық спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақ бидай» спорттық ойындары аяқталды
Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» VIII республикалық ауыл спорт ойындары мәреге жетті. Жарысқа 17 команда, 2000-нан астам спортшы қатысты. 20-дан астам олимпиадалық, олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерін қамтыған іс-шара Қонаев қаласы мен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында өтті.
Өнер • 25 Қыркүйек, 2025
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласының құрылғанына биыл 55 жыл толып отыр. Осыған орай, қалада алты күндік түрлі спорттық, мәдени, танымдық, қайырымдылық іс-шаралар бағдарламасы жасалып, шаһар көгінде әуезді ән-күй қалықтайды. Мерейтой шымылдығы қалалық мәдениет үйінде «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концертімен ашылды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2025
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 26 мектеп салу жоспарланған. Өткен жылы соның 9-ы пайдалануға берілсе, биыл 8-і іске қосылды. Аталған жоба бойынша өңірдің Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында, сондай-ақ мегаполиспен іргелес Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылында салынған еңселі мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашты.
Мектеп • 03 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқу жылында Алматы облысында 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Олардың барлығы ұлттық «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған. Соның бірі Жамбыл ауданындағы Қарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекшіарал ауылында 600 орындық мектептің ашылуы тұрғындар қуанышын арнасынан асырды. Білім ордасы Сарыбай би мен Еңбекшіарал ауылындағы үшауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында салынған.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары алысқа сабылмайды
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Көктерек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары қарапайым тексерулер үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болып келсе, енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде күзгі жиын-терім жұмыстары қыза түскен. Бұған дейін негізінен пияз өсірумен айналысқан өңір шаруалары кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын әртараптандыруға бет бұра бастады.
Талбесік • 26 Тамыз, 2025
Табиғаттың інжу-маржаны Іле Алатауының ең көрікті аймағы Алматы мемлекеттік табиғи қорығына тиесілі. Қорық 1931 жылы мамырда Кіші Алматы өзені аймағында ұйымдастырылған. Содан бері жан пенденің еш себепсіз топырағын басып, гүлін үзуге тыйым салынған табиғи қорық аумағы Солтүстік Тянь-Шаньның орталық бөлігінде, теңіз деңгейінен 1200–5017 метр биіктікте, жалпы алқабы 71700 гектарды құрайтын Талғар, Есік аудандарын алып жатыр.
Шахмат • 22 Тамыз, 2025
«Qonaev Cup – 2025» халықаралық турниріне 16 елден 260-тан астам шахматшы жиналды. Жарыс Қарасай ауданындағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтті.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2025
Туризм көрсеткіші жол сапасымен өлшенеді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Алматы облысы бойынша филиалы БАҚ өкілдеріне баспасөз-турын ұйымдастырды. Онда Қапшағай суқоймасына апаратын жолдың сапасы, тоқтайтын кешендер, жолды күтіп-ұстау жұмысы және Қонаев-Күрті тас жолының құрылысы таныстырылды.
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
Ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы Іле ауданында да кең көлемде аталып келеді. Күні кеше Боралдай кентіндегі №54 орта мектептің кітапханасында ақын шығармашылығын арқау еткен «Абай әлемі» атты іс-шара өтті. Онда Абайдың, Пушкиннің портреттері мен дәйекті сөздері ілініп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектептің дарынды оқушылары хакім шығармашылығына тоқталып, оның тәрбиелік мазмұны туралы білгендерін айтты.