Туризм • Бүгін, 08:00
Туристік нысандардың дайындығы тексерілді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді.
Заң мен Тәртіп • 03 Сәуір, 2026
Алматы облысында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасының аясында «Әділетті қоғам: жастар таңдауы» тақырыбында ауқымды форум өтті. Тағылымды іс-шара жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттырып, заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Форумды өңірлік полиция департаментінің есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі мен жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Көрме • 02 Сәуір, 2026
Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Ұлт өрнегі – ұрпақ өнегесі» атты ұлттық киімдердің сән көрмесі көпшілікке ұсынылды. Онда әйелдердің талғам таразысына сай келер эстетикалық күміс, түрлі-түсті тастармен көмкерілген әшекейлер жиынтығы мен киізден басылған киім түрлері көрме экспозициясы төрінен орын алды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2026
Алматы облысында бүгінде 41 техникалық және кәсіптік білім ұйымы жұмыс істейді, оның 18-інде жобалық қуаттылығы 4 744 орынға арналған жатақхана бар. Жақында Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде жаңа жатақхана пайдалануға беріліп, студенттерді қуанышқа кенелтті.
Қоғам • 21 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, сондай-ақ Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында «Табиғат қанатында – Taza Life» атты экологиялық акция өтті.
Кәсіпкер • 21 Наурыз, 2026
Алматы облысында ұлттық тағам мәдениетін жаңаша сипатта танытатын ерекше гастрономиялық өнім өндіріле бастады. Ол – түйе сүтінен дайында-латын балмұздақ. Еңбекшіқазақ ауданы Сарыбұлақ ауылында өндірілетін бұл десертті тұтынушылар «қазақ балмұздағы» деп атап кеткен.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қонаев қаласының құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Мұрат Сіргебаев республикалық референдум күні ерекше бастама көтеріп, ретрокөліктерден құралған автошеру ұйымдастырды. Қала көшелерімен жүріп өткен сәні келіскен көне автомобильдер көпшілік назарын аударды.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2026
Есік қаласында №1 перинаталдық орталық пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты медициналық ғимарат 2007 жылы салынған. Өткен жылы нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, ғимараттың материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, айналасы абаттандырылды.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2026
Қарасай ауданындағы Абай елді мекені Алматы қаласымен қолтықтасып жатыр. Соған қарамастан мұндағы тұрғындарға қызмет көрсететін медициналық мекеменің іргетасының қаланғанына жарты ғасырдан астам уақыт өткен. Ауыл халқының саны еселеп артып, тарлық еткенімен қоса, тозығы жеткен мекеме бүгінде еңселі екіқабатты ғимаратқа ауысып, ауылдың көркін кіргізді. Сөйтіп, еңкейген қарттан бастап, еңбектеген баланың қуанышын еселеді.