Бағдарлама кедейлікпен күресудің жаңа тәсілдерін ойлап тапқаны үшін Нобель сыйлығын иеленген Дюфло, Банерджи мен Кремердің зерттеулеріне негізделген. Африка, Азия елдерінде олар білім беруді оқушының шынайы деңгейіне қарай құрудың маңызды екенін көрсетті, ал бұл ретте «peer learning» форматындағы дайындық бәрінен тиімді саналады. Оның аясында үлгерімі жақсырақ оқушылар академиялық деңгейі төмендерге көмектеседі. Материалды мұғалім мен оқушы арасындағы кедергісіз, «өз тілінде» түсіндірген кезде мықты оқушылар сабақты өзгелерге ұғынықты етіп түсіндіре алады, сонымен бірге өздері де білімін күшейте түседі. Нәтижесінде, топтың жалпы деңгейі жылдамырақ өседі.
«IQanat» бұрыннан бері жүрекпен сезіп келген тұжырымды енді зерттеулер растады. Биыл Олимпиаданың үш турынан да өткен «IQanat»-тың 1000 жоғары сынып оқушысы 10 000 8-сынып оқушысына тәлімгер мен мұғалім болды. Жыл бойы олар сабақты онлайн форматта бірге оқыса, олимпиада кезінде жүзбе-жүз кездесіп, қатар отырып оқу мүмкіндігіне ие болды. «IQanat»-тың негізгі «Giving Back» («Жақсылықты қайтару») идеясының мән-маңызы да осы, меценаттар балаларға көмектеседі, ал олар өсе келе өз білімі мен жинаған құндылықтарын «ұрпақтан-ұрпаққа» таратады. Осылайша, бағдарламаның тиімділігін кеңейтеді», дейді жобаның облыстық қамқоршысы, кәсіпкер, «Atasu Group» холдингінің негізін қалаушы және иесі Марат Жұман.
Жоғары сынып оқушылары сабақты бар ықыласымен үйретеді. Олардың бірі – Алматы облысының Алмалыбақ ауылында туған 11-сынып оқушысы Диас Абдылхақ. Бір жылда ол айқанаттық 79 балаға физика бойынша көмектессе, олардың 22-сі Iqanat мектебінің грантын жеңіп алды.
«Мен үйдің үлкенімін, сондықтан біреуге «аға» болу маған бала кезден үйреншікті нәрсе. Мен оқушыларға әрқашан көмекқолымды созып, білмегенін түсіндіремін. Уақыт өте келе бұл өзіме де күш беретінін сезіндім», дейді Диас.
Диас 17 жаста, бірақ ол нағыз мұғалім қандай болуы керектігін қазірдің өзінде көрсете білді. Ол олимпиадаға қатысқан кезде мектепке түсе алмаған еді, бірақ жобадан кеткен жоқ. Орасан зор еңбегі үшін Диасқа алғаш рет жобаның тьюторы ретінде грант беру туралы шешім қабылданды. Қазір Диас өзінің оқушыларымен бірге «IQanat» мектебінде білім алып жатыр. Грант оның барлық шығынын өтейді. Биылғы олимпиада кезінде ол тағы да өз өңіріне келіп, ауылдағы балаларды дайындауға кірісті. Енді олар ІІ турдың нәтижелерін бірге күтіп жүр.
«IQanat» – 240+ кәсіпкердің жобасы. Олардың қатарында Дулат Тастекей, Нұржан Бекшенов, Марат Жұман, Асқар Алшынбаев, Нұрасыл Жарбасов, Айдын Рахымбаев, Тимур Турлов, Ерлан Исекешев, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Ғазиз Құсайын, Сергей
Кан, Серік Төлбасы, Оразхан Қарсыбеков сынды басқа да кәсіпкерлер бар. Олардың қолдауының арқасында «IQanat» түлектерінің 94%-ы ЖОО грантын жеңіп алып, қазір әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.
Алматы облысы