Экономика • Бүгін, 21:18

Қазақстан Ресейге алғашқы қарбыз бен қауын өнімін экспорттай бастады

1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының шаруалары биылғы бақша дақылдарының алғашқы өнімін ала бастады. Бүгінгі күнге дейін 600 тонна қарбыз және 500 тонна қауын жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан Ресейге алғашқы қарбыз бен қауын өнімін экспорттай бастады

Түркістан облысы бау-бақша жағынан елдегі алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі. Биыл қарбыз егіс алқабы 20 мың гектар, ал қауын алқабы 42 мың гектар болды. Ауа райының қолайлы болуынан, заманауи агротехнологияларды қолдану және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кәсібилігінің арқасында ерте әрі сапалы өнім алынды.

Бақша дақылдары егілген алқаптардың көп бөлігі Жетісай ауданында. Биыл мұнда 80 мың гектар суармалы жерге егін егілді, оның 17,1 мың гектарын бақша дақылдары алып жатыр.

Жаңа өнімнің алғашқы легі Қазақстанның ірі қалаларына жөнелтілді. Сонымен қатар Ресей Федерациясына экспорттау басталды.

 

Соңғы жаңалықтар