Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
210 материал табылды

Президент • Бүгін, 08:33

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Соған қарамастан елорданы іркіліссіз ілгерілету қашанда назардан түспек емес. Осы бағыттағы өзекті мәселелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Астананы дамыту жөніндегі кеңесте кеңінен талқыланды.

Президент • Бүгін, 07:20

Елорда нысандарын аралады

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты.

Саясат • 23 Желтоқсан, 2025

Орталық Азия – Жапония: Көпвекторлы ынтымақтастықтың ерекше форматы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласында өткен «Орталық Азия – Жапония» диалогінің бірінші саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ бұл саммитке Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Президент • 20 Желтоқсан, 2025

Токио төріндегі келіссөздер: Инновациялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында Токио губернаторы Юрико Коикэмен және осы елдің іскерлік топ өкілдерімен кездесу өткізді.

Президент • 19 Желтоқсан, 2025

Қазақстан – Жапония: Сенімді серіктестік пен достық байланыс нығая береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға алғашқы ресми сапары аясында қос елдің қарым-қатынасын тереңдететін келелі кездесулер өткізді. Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен жүздесу барысында түрлі саладағы еларалық байланыстарды нығайту келешегі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар Президент Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен, Күншығыс елінде білім алып, қызмет етіп жүрген отандастарымызбен кездесті.

Саясат • 18 Желтоқсан, 2025

«Орталық Азия – Корея Республикасы» парламентшілер форумы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ташкент қаласында Орталық Азия мемлекеттері және Корея Республикасының парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуіне қатысты. 2023 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан іс-шара парламентаралық диалог пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтудың тиімді алаңына айналып отыр.

Президент • 18 Желтоқсан, 2025

Энергетика саласының мүмкіндігі зор

Ақордада өткен салтанатты жиында Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандық­тары жылы аясында еңбек адам­дарына ерекше құр­­мет көрсетіліп жат­қанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кә­сіби мерекесімен құттықтады.

Президент • 13 Желтоқсан, 2025

Ашхабад форумы: Ауызбірлікті нығайтатын ауқымды диалог

Ашхабад сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев басқа да мемлекеттер басшыларымен бірге Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды. Бұл кешен Түрікменстанның бейбітшілік пен жасампаздық ұстанымына бейіл екенін көрсетеді. Осы күні Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты.

Сұхбат • 12 Желтоқсан, 2025

Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды

– Марат Алмасұлы, Қа­зақстан халқы Ассамблея­сы­ның 30 жылдығы ел өмірін­дегі маңызды кезең болды. Осы мерейтойдың басты мәні неде деп ойлайсыз?

Саясат • 10 Желтоқсан, 2025

Көпшілікке көмегі тиген «Қарызсыз қоғам»

«Amanat» партиясында «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру барысы қорытындыланды. Үш жыл бұрын партия халықтың қаржылық сауатын арттыру және азаматтардың несие жүктемесін азайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында барлық жауапты мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының ресурсын бір арнаға тоғыстырды. Жоба тұтас ел аумағында жүзеге асырылды. Биыл 860 мыңға жуық ел азаматы оқудан өтіп, оларға кәсіби көмек көрсетілді.

Яндекс.Метрика