Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
848 материал табылды

Жастар • 28 Наурыз, 2023

NEET: Жалқау жастардың жігерін жанитын жол қайсы?

«Еңбек – адамның екінші анасы» дейміз. Тәрбиелік мәні терең бұл тәмсілдің мағынасын «Адамды адам еткен – еңбек» деген тағы бір дана сөз аша түседі. Яғни еңбек адамды өсіреді, өмірден өз орныңды тауып, тұлға болып қалыптасуыңа бастайды, қатарға қосады. Өкі­ніштісі, қазіргі кезде осынау құндылықты құнттамайтын, еңбек етуге, ізденуге құлықсыз, ынта-жігері жоқ жастар да арамызда жүр. Бұл ретте мұндай сипатқа ие NEET санатындағы жас­тардың үлесін азайтуға мем­ле­кеттік жастар саясатының негізгі басымдығының бірі ретін­де ерекше мән беріліп келеді.

Медицина • 26 Наурыз, 2023

Тумысынан жүрмеген қызды аяғына тұрғызды

Елордада Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми трав­матология және ортопедия орталығының дәрі­гер­лері бала кезінен ауырған, туа бітті остеогенезі же­­тілмеген, екі аяғының деформациясы бар 25 жас­та­­ғы қыз баланы аяғынан тұрғызды.

Еңбек • 15 Наурыз, 2023

Ауыр жұмыс істейтін адамдар «өмірін сақтандыру» маңызды

Елімізде өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар. Бұл – мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері. Осының ішінде «жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, ауыр жұмыс істейтін адамдар өмірін сақтандыру үшін «ашық-жарықта» арнаулы ұйымдармен шарт жасасуға мән берген жөн.

Медицина • 13 Наурыз, 2023

МӘМС: Балалардың тісін емдету – тегін

Тісі тызылдап ауырған адамның жанын қоярға жер таппай мазасызданатыны – түсінікті жайт. Ал мұндай жайсыз сезім ба­уыр етің – балаңды шырылдатқанда еш аянып қалмастан дереу емдетуге тырысамыз. Бірақ тіс емдетудің ақысы қалтаға салмақ түсіретіні тағы бар. Бұл ретте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) арқылы балалардың тісін тегін емдетуге болатынын қаперде ұстаған жөн.

Несие • 06 Наурыз, 2023

Жастарға берілген «қармақ»

Әуелден айтылып жүрген «Балық берме, қармақ бер» деген тәмсілдің қалпына салсақ, жастарды масылдық санадан арылтып, еңбекқорлыққа баулу үшін жан-жақты жағдай жасаудың маңызы зор.

Медицина • 02 Наурыз, 2023

Санитарлық авиация септігі

Оқыс оқиғаға ұшыраған немесе асқынған дерт бірден сыр берген сәтте маңайда медициналық мекемелердің болмауы, болса да қажетті көмек көрсетуге қауқарсыздығы жағдайды одан сайын ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұндайда жедел жәрдем көліктерінен де қайран бола бермейді. Сондықтан іс насырға шаппас үшін дереу санитарлық авиацияның көмегіне жүгінуге тура келеді. Былтыр хал үстіндегі 4 420 науқасқа осы қызметтің септігі тиіпті.

Елорда • 01 Наурыз, 2023

Еңбек нарығындағы жағдай – ерекше бақылауда

Миллионнан аса халқы бар, тіршілігі қайнап жатқан мегаполиске арман қуып жан-жақтан ағылатын жастармен қоса, тұрмысын түзеймін деген үмітпен келетін жұрт та аз емес. Сондықтан елордадағы еңбек нарығын ерекше назарда ұстау маңызды. Бұл бағыттағы іс-шаралар жөнінде қалалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Сәбит Жаманбаев кеңінен мағлұмат берді.

Елорда • 01 Наурыз, 2023

Ауданның абат келбеті

Астана қаласының коммуникациялар қызметі ала­ңында Байқоңыр ауда­нының даму жоспары туралы жан-жақты мағлұматқа қанықтық. Аталған аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың айтуынша, көгалдандыру жұмыстарына баса көңіл бөлінеді.

Қоғам • 27 Ақпан, 2023

Жәрдемақымен демеу іркілмейді

Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған азаматтарға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде шамамен 45 млрд теңге төленді. Биылдан бастап бұл санаттағы жәрдемақылар көлемі 8,5%-ға артты.

Денсаулық • 26 Ақпан, 2023

Аллергиялық ауруларды асқындырып алмаңыз!

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Аллергияның алғашқы белгі­лері: диагностика және емдеу» тақырыбында қалалық Қо­ғамдық денсаулық сақтау бас­қармасының штаттан тыс бас аллерголог дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, «Қазақ иммунодефициттер қоғамы» ҚБ төрайымы Елена Ковзель брифинг өткізді.