
Білім • 18 Тамыз, 2021
Халықаралық олимпиададан – үш медаль
Қазақстандық оқушылар география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) үш медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында бір алтын, бір күміс және бір қола бар. Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.
Коронавирус • 17 Тамыз, 2021
Салғырттық сан соқтырып жүрмесін
Берекетімізді қашырған бәлекет індет барған сайын үрейімізді ұшырып, үдеп барады. Алқымнан алатын адуыны қатты ауру айналамыздағы талай жақсы мен жайсаңнан айырып жатыр. Кеше ғана есен-сау, елге ес болып жүрген тұлғаларымыздың кенеттен кесапат кеселдің кесірінен қайтыс болғанын естіген жұрт әжептәуір есеңгіреп қалды. Жалпы, елімізде күн сайын жүзден аса адамнан көз жазып қалып жатырмыз.
Экономика • 13 Тамыз, 2021
Қазпошта ауыл – аймақтағы қызмет аясын кеңейтіп жатыр
Бүгінде ұлттық пошта операторы цифрлы трансформациялау аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа қызмет түрлерін қолға алып отыр. Электрондық-сандық қолтаңба алу немесе жұмысмен қамту, денсаулық, жылжымайтын мүлік бойынша анықтамалар қажет болса, қалаға жол тартудың қажеті жоқ. Бүгінде Қазпоштаның автоматтандырылған бөлімшелерінде мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер ұсынылған.
Білім • 12 Тамыз, 2021
«Ақмешіт» институты жабылуға жақын
Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты бас лицензиясынан айырылды. Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексерудің нәтижелері осындай болды.
Коронавирус • 11 Тамыз, 2021
Sinopharm вакцинасының алғашқы партиясы
Кеше Алматыға Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы бар ұшақ келіп қонды. Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жеткізілген коронавирусқа қарсы бұл вакцина СҚ-Фармация бірыңғай дистрибьюторының қоймаларына қабылданды.
Білім • 09 Тамыз, 2021
Халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар Химия пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IChO-2021) төрт медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында үш күміс және бір қола бар.
Коронавирус • 08 Тамыз, 2021
COVID-19: Қатарымызды кемітіп жатқан қатер
Біздің көбіміз әлі де мойындай қоймаған, қауіп-қатерін толық сезінбеген коронавирус індеті күн сайын қаншама адамның жанын қысып азапқа салып, өмірін жалмап жатыр.
Білім • 06 Тамыз, 2021
Қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты
Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты. Енді қазақстандықтарға Словакия, Әзербайжан және Вьетнам елдері де гранттар бөледі.
Саясат • 06 Тамыз, 2021
Ұлт саулығын сақтауға бағытталған ұлттық жоба
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың төрағалығымен «Саламатты ұлт» азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Іс-шараға министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Медицина • 04 Тамыз, 2021
Астанада ауруы асқынған адам көп
Қанша күннен бері барлық тұсы тұтас «қызарып» тұрған Қазақстанның эпидемиялық ахуалынан кеше шамалы болсын бір оң өзгеріс байқалды. 4 тамыздағы жағдай бойынша еліміздің оңтүстік өңірінің өңі өзгеріп, Түркістан облысы «жасыл аймаққа» өтті. Енді осы «жасыл» басқа өңірлерімізге де жұғысты болса екен деген тілектеміз. Өйткені күн түгілі бірнеше ай бойы «қызылдың» құрсауынан шыға алмай жатқан өңірлеріміз бар. Айталық, елордамыздың «қызуы» көтеріліп тұрғанына бес ай болды.