
Медицина • 17 Қазан, 2021
Денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында «Саламатты ұлт» әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы жүзеге асырылады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында аталған жоба жан-жақты таныстырылды, сондай-ақ халықты коронавирус індетіне қарсы вакциналау және ревакциналау туралы хабарланды.
Экономика • 14 Қазан, 2021
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» мен «Самұрық-Қазына» Қоры бірлесіп Электронды еңбек биржасы мен Samruk Qyzmet порталдарын ықпалдастырды.
Аймақтар • 04 Қазан, 2021
Үздік ауыл мектептері марапатталды
Таланттың бәрі ауылдан шығады дейміз. Бұл ретте ауылдағы үздік оқушыларды іріктеп, олардың республикадағы жетекші мектептерде білім алуын жалғастыруға мүмкіндік беретін «Мың бала» олимпиадасының үлесі зор. Осынау зияткерлік байқауда бірнеше оқушысы жеңімпаздар қатарынан көрінген ауыл мектептері де елеусіз қалмады. Мұғалімдер күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев қоры Елбасының «Ел үміті» бастамасының жобаларында жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептерін марапаттап, әр мектепке 2 млн теңгеден тапсырды.
Білім • 03 Қазан, 2021
Оқу орындарында оқыс оқиға болмасын десек...
Жақында Ресейдің Пермь университетінде орын алған, одан төрт ай бұрын Татарстан астанасы Қазандағы мектепте болған қайғылы жағдайлар білім беру нысандарындағы қауіпсіздікті күшейтудің маңызды екенін көрсетті. Бұл оқиғаға бейжай қарамаған елімізде балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етудің кешенді іс-шаралары қолға алынып, террористік тұрғыдан осал оқу орындарының қорғалуына баса мән беріліп жатыр.
Президент • 28 Қыркүйек, 2021
Коронавирусқа қарсы күрес күшейтіледі
Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру шаралары жөнінде брифинг өтті. Бұл ретте Үкіметтің әлеуметтік блогының жұмыс бағыттары туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Медицина • 23 Қыркүйек, 2021
Компания қызметкерлерінің 90%-ы вакцина салдырды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Қазақстан Республикасының басшылығына вакциналау науқанын белсенді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Компания қызметкерлерінің 90 пайызынан астамы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2021
Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған
Бесіктен белі шықпай жатып мына дүниенің бес күндік жалған екенін сезінген, тағдырдың теперішін көрген, жетімдіктің ащы дәмін татқан сәбилерге біздің қоғам қаншалықты қорған, қамқор болып жүр? Бәлкім, кейінгі жылдары балалар үйінің, ондағы тәрбиеленушілердің әжептәуір азайғаны жетімін жылатпаған ел екенімізді ақтап алар.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2021
Абай Мақышев: Қатерлі ісікті емдеудің ең тиімдісі – дертті ерте анықтау
Кейінгі жылдары Қазақстанда халықтың орташа өмір сүру жасы айтарлықтай ұзарды. Бұл көрсеткішке жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін адам өміріне жиі қатерін тигізетін обыр ауруынан болатын өлім-жітімнің де азая бастағаны ықпал етіп отыр. Бұдан онкологиялық аурулар бойынша медициналық көмектің сапасы артқанын байқауға болады. Осы ретте, елімізде онкология саласының дамуына зор үлесін қосып жүрген профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты хирург-онколог, Астана медицина университеті онкология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның денсаулық сақтау ісінің үздігі Абай Мақышевпен сұхбат құрған едік.
Саясат • 13 Қыркүйек, 2021
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Отбасы күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен онлайн форматта «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Білім • 01 Қыркүйек, 2021
Жаңа оқу жылының жаршысы - «Әліппе»
Қыркүйектің алғашқы күні білім ошақтарында көптен күткен алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар алтын ұя – мектебіне оралды. Сағындырып жеткен бұл Білім күнінің бұрынғыдан жөні бөлек. Өйткені әдеттегідей араға үш ай емес, бір жарым жылдай уақыт салып, ұстаздар мен оқушылар қауымы мектебінде қайта қауышып отыр.