
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2024
«Қарызсыз қоғам» – өмірді жақсартуға мүмкіндік береді
«Amanat» партиясында халық арасында кеңінен сұранысқа ие болған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысы қорытындыланды. Аталған жоба екі жылдан аз уақыт ішінде Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды бөлігіне айналды. Партияның көмегімен 780 мың отандасымыздың қаржылық сауаты жақсарды.
Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2024
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Жоғары қадағалау – абыройлы міндет
Жыл сайын 6 желтоқсанда елімізде Прокуратура күні атап өтеді. Өйткені 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының жоғары қадағалау органының жүйесі бекітілген еді. Тәуелсіздік жылдары прокуратура қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекет тірегіне айналды. Биыл прокуратура халықты әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлер мен инвесторлардың, экономикалық сектордағы азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару, қылмыстық істерді тергеу, мемлекеттік айыптауды қолдау, құқықтық процестерді цифрландыру, халықаралық ынтымақтастық және басқа да бағыттарда заңдылықты күшейтуде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловпен сұхбаттасудың сәті түсіп, жоғары қадағалау органы жұмысының маңызды аспектілері туралы кеңінен сөз қозғадық.
Салық • 03 Желтоқсан, 2024
Жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды
Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Жиынға палата төрағасы Айдос Сарым жетекшілік етіп, Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Олар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылады.
Құқық • 30 Қараша, 2024
Бала құқын қорғау мәселелері талқыланды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғау: даму жолындағы жетістіктер мен алдағы басымдықтар» атты конференцияға қатысты. Сенат пен ЮНИСЕФ бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына арналды.
Саясат • 21 Қараша, 2024
Қазақ-Мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа белесін айқындаған сапар
Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң, екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Саясат • 20 Қараша, 2024
Қазақстан – Сербия: Еларалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары
Бұрнағы күні Қазақстан Президентінің борты Сербияға қонды. Ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич ерекше құрметпен қарсы алды. Сол күні Президент сапарының құрметіне Сербия астанасының рәмізіне айналған «Белград мұнарасында» еліміздің көк байрағы бейнеленді. Биіктігі 168 метр болатын бұл мұнара биыл 15 қазанда ашылған.
Саясат • 06 Қараша, 2024
Қазақстан – Франция: Мызғымас достық пен сенімге негізделген ынтымақтастық
Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Париж қаласындағы Елисей сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Франция Президенті Эмманюэль Макрон қарсы алды. Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Қоғам • 23 Қазан, 2024
«Ұлттық мүдде» алаңы: Отаншылдықты қалай дәріптейміз?
Кеше Ұлттық музейде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар рухани-адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып, жас буынды патриоттық рухта тәрбиелеудің басым бағыттарын талқылады.
Тұлға • 22 Қазан, 2024
Жыл жылжытып, ай аралатып туған жерге айналып соққан сайын алдымыздан асқақтап шығатын осы атаудың жөні бөлек. Ес білгелі естіп өскен есім болғанымен, бұл атты арқалап өткен тұлға туралы танымымыз есейе келе кеңейе түсті. «Жүрген соң жақыныңды күнде көріп, таулардың биіктігі байқалмайды» дегендей, расында, ер жетіп, елден жырақ кеткенше аты бала кезімізден құлаққа әбден сіңісті болған кісінің кім болғанына тереңірек бойлай қоймаппыз.
Парламент • 18 Қазан, 2024
Парламенттік дипломатия өңірлік байланысты нығайтады
Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия II форумында баяндама жасады. Бұл іс-шара бірінші Astana Think Tank Forum-2024 аясында ұйымдастырылды. Онда әлемнің 20-дан аса елінен келген 50-ге жуық сарапшы орта державалардың қазіргі жаһандық деңгейдегі стратегиялық және дипломатиялық рөлін талқылады.