
Аймақтар • 16 Маусым, 2021
Елордада эпидемиялық ахуал оңалмай тұр
Бүгінде еліміздегі эпидемиялық ахуал біршама тұрақталып, өткен аптада коронавирус жұқтырудың анықталған жағдайы 16 пайызға азайды. Жалпы, республика 6 маусымнан бері «жасыл аймақта» тұр. «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды. Елордағы ахуал әлі де оңалмай, өткен аптамен салыстырғанда науқастану өсімі 7 пайызға артты.
Сұхбат • 15 Маусым, 2021
Зерттеу университеті ғылым мен өндірісті дамытуға бастайды
Қазақ ұлттық аграрлық университеті біраз жылдар бойы ұлттық зерттеу университетіне трансформацияланып, 2020 жылдың 23 қазанында Үкімет Қаулысымен осы мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда университет 9 халықаралық және ұлттық рейтингте лайықты орын алады. Биыл QS әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде 551-орынға көтерілді. Осы ретте тілшіміз Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректор, Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик, ТМД жетекші аграрлық ЖОО ректорлары кеңесінің төрағасы, әлемнің аграрлық ЖОО жаһандық консорциумы Президиумының мүшесі Тілектес Есполовпен сұхбат құрып, зерттеу университетін дамыту тәжірибесі жөнінде сөз қозғады.
• 15 Маусым, 2021
Қазіргі қоғамның аса қауіпті құбылысы – асыл жастығын тәрк етіп, ана дүниеге асығатындардың қатары азаймай тұрғаны. Екі күннің бірінде жанын қиып, жантәсілім еткен жағдайды ести-ести етіміз де үйреніп барады. Жақында ғана жария болған жыл басынан бері 84 жасөспірімнің өзіне өзі қол жұмсағаны туралы хабар жанымызды түршіктірді. Айдың-күннің аманында осыншама жас өмірдің қиылуы – үлкен қасірет.
Аймақтар • 11 Маусым, 2021
Қымбатшылық пен қуаңшылық мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты баяндап, журналистердің сауалына қарай көпшілікті толғандырған өзекті мәселелердің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.
Елорда • 10 Маусым, 2021
Еліміздегі эпидемиялық ахуал толық тұрақтала қойған жоқ. Дегенмен «қызыл аймақтағы» өңірлердің қатары азайғаны қуантады. 9 маусымдағы жағдай бойынша елімізде бір-ақ өңір – Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймақта» қалып тұр.
Медицина • 08 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 қалалық көпбейінді аурухана дәрігерлері ерекше ота жасап, жұтқыншақтың қатерсіз өскінін алып тастады.
Қоғам • 03 Маусым, 2021
Әр балаға отбасынан артық қорған жоқ. Ата-ана үшін үйінің берекесін кіргізіп, ынтымағын сақтау, мейір-шапағатын төгіп, жылылықты қамтамасыз ету – тәрбиенің басы.
Коронавирус • 01 Маусым, 2021
Індет қаупі әлі сейілмеген күрделі кезеңде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға аса сақтықпен қараған жөн. Осы ретте балалар да ПТР-тесттен өткізіліп, Сovid-19 індеті анықталмаған жағдайда ғана лагерьлерге жіберілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Мамыр, 2021
Еңбек қауіпсіздігі – өнімді әрі сенімді жұмыс кепілі
Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету және өндірістік жарақат көрсеткішін төмендету – Үкімет алдындағы негізгі міндеттің бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7%, оның ішінде қайтыс болғандар саны 16,2%-ға азайған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2021
Жүйелі медициналық көмек жалғасады
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылы елорда тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 17,2 млрд теңге қарастырған. Бұл туралы аталған қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.