
Парламент • 06 Ақпан, 2020
Лотерея қызметі заңмен реттеледі
Кейінгі кезде әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдаланып, жарнамасы «жер жаратын» лотереяларды кім көрінген ойната беретін болды. Осындай ойындардың құқықтың негізін күшейтіп, лотерея қызметін жедел реттеуге бағытталған арнайы заң жобасы Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында жан-жақты талқыланды.
Үкімет • 31 Қаңтар, 2020
Парламент Мәжілісінің депутаттары Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевпен және бірқатар министрлік өкілдерімен кездесті. Бұл жиынға мәжілісмендердің жыл басындағы өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелер арқау болды.
Парламент • 30 Қаңтар, 2020
Ел мүддесін көздейтін заң жобалары мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында екі заң жобасы мақұлданды.
Президент • 27 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылдың нәтижелері сараланып, осы жылдың міндеттері нақтыланды. Алқалы жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.
Парламент • 24 Қаңтар, 2020
Жылдың жұмыс жоспары нақтыланды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Палатаның 2020 жылғы алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиын басында депутаттардың өңірлерге сапарлары қорытындыланып, осы жылы атқарылатын жұмыстар нақтыланды.
Саясат • 23 Қаңтар, 2020
Заң жобаларын дайындау барысы пысықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 5G, «Ақылды қалалар», «Үлкен деректер», блокчейн, цифрлы активтер, жаңа цифрлы қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімделу қажет екенін айтқан еді. Осы бағытта Парламент Мәжілісі арнайы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмысты назарға алды.
Саясат • 21 Қаңтар, 2020
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудің қажеттілігін атап көрсетті.
Президент • 16 Қаңтар, 2020
Жастар ел дамуының жаңа кезеңіне дайын болуы тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жас та болса бас бола білетін азаматтар Президенттік кадр резервіне іріктелді. Кеше Президент електен өтіп резервке енген, алдағы уақытта ел ісіне араласатын 300 жасты Ақордаға арнайы шақырып, жүзбе-жүз кездесті, ой-пікір алмасты.
Сұхбат • 13 Қаңтар, 2020
Президенттің кадрлық резерві – елдің дамуындағы қозғаушы күш
Былтырғы Жастар жылында жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, олардың өмірден өз орнын тауып, еңбек жолында ілгерілеуіне жағдай жасау үшін ілкімді істер қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік басқару жүйесінде де ерекше назарға алынып, ел ісіне араласатын жастарды електен өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен Президенттің кадрлық резерві жасақталып, 300 жас маман іріктелді. Осынау тың бастаманы жүзеге асыру барысы жөнінде бізге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтып берді.
Қазақстан • 05 Қаңтар, 2020
Жаңа жылдың жаңа қаласы – Тобыл
Қасиет тұнған туған жердің қай тұсы болсын қазақы қалпының сақталуымен қадірлі. Өңір-өңірді өзімізше атағанымыз өлкенің өшкенін жандырып, өркенін өсіруге серпін береді. Осындай игіліктің басы, жаңа жылдың жаршысы тағы бір жер атауын жаңғырту болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Затобол кентін Тобыл деп атау және оны аудандық маңызы бар қаламен теңестіру туралы Жарлыққа қол қойды.