
Саясат • 31 Желтоқсан, 2019
Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2019 жыл айтулы оқиғаларға толы болды. Халықтық жыл санау бойынша 12 жылды бір қайырып, доңыз тоғысымен түйінделген бұл жылдың басты жаңалықтары тоғыз санымен тоқайласып отырды. Егемендік алғанда ел басына келіп, мемлекеттің іргесін бекітіп, еңсе тіктеуіне ересен еңбек сіңірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда сағат 19.00-де мәлімдеме жасап, Қазақстан Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Тұңғыш Президент зор сенім артып, ел тізгінін ұстаған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы қызметіндегі тоғыз айы – дәстүр сабақтастығынан айнымай, еліміздің жаңа даму бағдарын айқындаған өте жауапты кезең.
Парламент • 27 Желтоқсан, 2019
Технология • 27 Желтоқсан, 2019
Блокчейн ашықтықты қамтамасыз ете ала ма?
«Әлемді сандар билейді» деген Пифагордың сөзі өзекті екенін өмірдің өзі көрсетті. Бүгінгі жаһандану дәуірінде айналамызды түгел цифрлы технологиялар қоршап тұр. Ғасыр игілігі ғаламтор цифрлардың өрнегімен өрілген. Тұрмыс-тіршілігімізге дендеп еніп, уақыт үнемдеуге, шығын азайтуға септескен интернет иін тірескен қоғамдық мәселелерді де реттеуге қауқарлы екені жиі айтылып жүр. Осы орайда интернеттің дамыған жаңа сатысына баланатын блокчейн технологиясы бюрократия, сыбайлас жемқорлық сияқты «кеселдердің» жолын кесе ала ма?
Парламент • 26 Желтоқсан, 2019
Салалық түйткілдерді тарқататын заңдарға мән берді
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен 2019 жылды қорытындылаған жалпы отырыс өтті.
Президент • 26 Желтоқсан, 2019
Айтулы оқиғаларға толы тоғыз ай
Ақорда резиденциясында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне кіріскен сәтінен бергі атқарған жұмыстарына шолу жасады.
Парламент • 24 Желтоқсан, 2019
Жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру қажет
Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында «Ұлт жоспарының» 27-қадамын жүзеге асыру, жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Егемендіктерге мемлекеттік наградалар тапсырылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Тәуелсіздік күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты жағдайда тапсырды. Еңбегі еленген азаматтардың арасында биыл ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатқан бас басылым – «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлері де бар.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2019
Тәуелсіздік мерекесінде мерейі тасыды
Ақордада Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау салаларының белгілі қайраткерлеріне, өндірістік сала өкілдеріне мемлекеттік наградаларды және әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық иелеріне дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.
Парламент • 12 Желтоқсан, 2019
Жымысқы жолмен кірістерді жылыстату қатаң қадағаланады
Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер қаралып, депутаттар заң жобасына банктік емес төлем жүйелерінің қызметін реттеудің тиімділігін арттыратын нормаларды енгізу мәселесін көтерді.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, Жастар жылында жастардың әлеуетін көтеріп, белсенділігін арттыруды көздеген біршама ізашар іргелі жоба қолға алынды. Ынталы жастарды іскерлікке баулитын ілкімді істердің біразы республикалық «Жас кәсіпкер» жобасының аясында жүзеге асып жатыр.