Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1043 материал табылды

Музей • 13 Сәуір, 2023

Ұлттық музейдің іргесі кеңіді

Бүгінгі таңда Ұлттық музей ауқымды мәдени жобаларды іске асыратын алаңға айналып отыр. Мәдениет ошағында қоғамды, руханият пен экономиканы дамытудың маңызды ресурсы ретінде отандық музейлердің рөлін күшейтуде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Осы орайда аталған мұражайда «Қолөнершілер орталығы» мен «Палеонтология» залының ашылу салтанаты болды.

Театр • 13 Сәуір, 2023

Сахна төрінде – «Алеко»

«Астана Опера» театрының сах­насында «Рах­манинов три­бьют» фестивалі аясында С.Рах­маниновтің «Алеко» операсының концерттік орын­дауының премьерасы өтті.

Марапат • 12 Сәуір, 2023

«Халық әртістеріне» берілетін үстемеақы екі есе артады

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемеақы мөл­шері екі есе ұлғаяды. Ен­ді бұл марапат иеле­ріне базалық лауазым­дық ең­бекақының 100% мөл­шерінде үстемеақы төле­неді. Қаулы жобасы жуырда өткен Үкімет отырысында бекітілді.

Қоғам • 11 Сәуір, 2023

Қайраткер тағылымы

Ұлттық музейде мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жыл­дық мерейтойына орай «Т.Жүр­­ге­нов және қазақ ру­ха­ния­ты» тақырыбында дөң­гелек үстел өтіп, жур­на­лист­ Майя Бекбаеваның «Т.Жүр­геновтің өмірі мен қыз­меті» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

Әдебиет • 10 Сәуір, 2023

Аңыз ба, ақиқат па?

Оқырман үшін сүйікті жазушысының өміріндегі барлық дерек қызық. Автордың шығармашылығынан бөлек тағдыры, жеке өмірі, күн режімі, қызығушылығы, мінезі, әдеті, киім киісі – бәрі-бәрі. Сөз өнерінде жүрген қауымның ләззаты да, азабы да жазу дейміз. Сол жақсы жазу талант пен шеберлікке ғана байланысты екені шындық. Дегенмен ақын-жазушылардың күнделікті қоңыр тіршілігі, болмысы мен өмір сүру тәртібі қаламына әсер етпей қоймайтыны тағы анық.

Өнер • 10 Сәуір, 2023

Елге арнау

Еркеғали Рахмадиев атын­дағы мемле­кет­тік акаде­миялық филармониясы сах­насында Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық кеші өтті. Атал­ған концерт Жетісу облыстық фи­лар­мониясының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Қоғам • 06 Сәуір, 2023

Драматургиядағы жаңа қадам

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясатын дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Құжатта театрларға ерекше көңіл бөлінген. Нысаналы индикаторлардың бірі – авторлық қойылымдарды үш есе ұлғайту.

Өнер • 06 Сәуір, 2023

Да Винчи жұмбағы

Өнер атаулыға құпия, тылсым, аңыз-әңгіме сынды ұғымдар таңсық емес. Талай ғасырлар бұрын туған әсем дүниеге жұрт осы заманда да таңғалып, тамсанып жатады. Тіпті, туындының тереңінде көмілген кей сырлары араға жүздеген жыл салып, су бетіне шығуы да бек мүмкін.

Әдебиет • 05 Сәуір, 2023

Сантьягоның күйін кешкен...

Адамның тәні ет пен сүйектен жаралған соң әлсіз келеді дейміз. Адамда жүрек болған соң нәзік келеді дейміз. Айналадағының бәрін – суық пен жылуды, қатты мен жұмсақты, қараңғы мен жарықты, жақсы мен жаманды сезетін адамның жаны сондықтан да жиі жараланатын болар. Иә, сырттай қарағанда адам таудан биік емес. Қара тастай қатты да емес. Бірақ сол адамзат жер бетінде тіршілік басталғалы бері әділетсіздікпен, зұлымдықпен күресіп келеді. Жалпы, осы адамның ішкі рухын жеңу мүмкін бе екен?

Көрме • 05 Сәуір, 2023

Италиялық ренессанс иірімдері

Ұлттық музейде «Ита­лиялық ренессанс – мәң­гілік сұлулық» цифр­­­лық иммерсиялық көрмесі ашылды. Іс-шара Ита­лия мен Қа­зақ­­стан ара­сындағы мә­­дениет сала­сындағы ынты­мақ­тастық шең­берінде италиялық Қай­­та өрлеу дәуірінің су­рет­шілеріне арналған. Италия Елші­лігі және ENI Group компаниясымен бірлесіп ұйым­дас­тырылған көрме цифр­лы бейнетүсірілім түрінде өтті.