Banner
Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1104 материал табылды

Кітапхана • 21 Қаңтар, 2026

Оқырман саны 57 млн-ға жетті

Былтыр ел кітапханаларына миллиондаған оқырман келген. Айта кетейік, бүгінде республикада жалпы қоры 72,5 млн-нан астам сақтау бірлігі бар 3 887 қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Жыл ішінде оқырманға әр­түрлі тақырыптағы 88 млн-нан астам материал берілді.

Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026

Опера және балет театры Сингапур сахнасында өнер көрсетеді

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры алғаш рет Сингапурде гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қойылымдар 23-25 қаңтар аралығында NUS университетінің мәдениет орталығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 20 Қаңтар, 2026

Фонограмманы заң шектей ала ма?

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларына өзгерістер енгізетін заңға қол қойғаны есімізде. Құжаттағы маңызды түзетулердің бірі концерттерде фонограмма қолдануға тыйым салуға арналды. Көпшілік көкейінде көптен жүрген тақырыптың түйінін тарқатқан бұл өзгеріс шынайы өнердің деңгейін өсіруге, кәсібилікті көтеруге бағытталып отыр.

Көрме • 17 Қаңтар, 2026

Тоқыма тылсымы

Ұлттық музейде суретші Дария Нұртазаның (Kokonja) «Shaft. Жасырын жіптердің құпиялары» атты жеке көрмесі ашылды. Тоқыма өнерінің тылсымына тартатын мәдени іс-шара Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу мырзаның бастамасымен өтіп отыр.

Ән • 16 Қаңтар, 2026

«Жаңбыр төкті» әні қалай туды?

Өнерде шекара жоқ дейміз. Әсіресе ауылы аралас, қойы қоралас жат­қан қазақ пен қырғыз өнерінің кеңістігі тіптен жақын. Көрші ауыл­да ғажап бір ән туса, дабырасы мен даңғазасы қазақ топырағына жетпей қалмайды. «Жамгыр төктү эч басылбай, Биз келаттык көл-шал болуп. Жол кароого коз ачырбайт, Бет алдыдан шамал согуп». Әуезі аңызға айналған әйгілі «Жаңбыр төкті» де бізге осылай жеткен. Әні бірден елітіп, жазда төккен ақ жауын­дай жылы әсер етті. Тоңдырған жоқ. Қырғыз асып келген жауынды жыр талай жанды жұбатты. Өз тілімізде шырқалып, өз әніміздей құлаққа сіңді.

Театр • 15 Қаңтар, 2026

«Астана Опера» театры «Аққу көлі» балетін ұсынады

Елорданың өнерсүйер жұрты апта соңын асыға күтіп отыр. «Астана Опера» сахнасында театрдың ғажайып қойылымдарының бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балеті ұсынылады. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 15 Қаңтар, 2026

Шығармашылық меморандум

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әлемдегі үш үздік шығармашылық оқу орнының бірі «University of Music and Performing Arts Vienna» Вена музыка және сахналық өнер университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Руханият • 14 Қаңтар, 2026

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Нью-Делиде өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде қазақ әдебиетінің туындылары да таныстырылды. Үнді жұртшылығының назарына ұсынылған шығармалар түрлі жанрда топтастырылған.

Өнер • 06 Қаңтар, 2026

Жұлдызды сәт

Өткен жыл «Астана Балет» театры үшін жетістіктерге толы жемісті кезең болды. Театр бес премьера ұсынды, оның үшеуі – ұлттық хореографиялық миниатюра. Жалпы, 50 мыңға жуық көрермен қатысқан 83 спектакль қойылды. Ұжым өңірлерді аралап, Павлодар, Алматы және Қостанайға гастрольдік сапарын сәтті өткізді.

Өнер • 31 Желтоқсан, 2025

Жарқыра, жұлдыз!

Әр жыл әр саладағы айтулы оқиғалармен, жарқын жетістіктермен есте қалары анық. Атап айтсақ, биыл ұлтымыздың тарих тереңінен, ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын мәдениет саласында сүйінші жаңалықтар аз болған жоқ. Әсіресе өнерпаздардың әлемдік сахнада бағындырған биіктері жетерлік. Бақтары құрлық асып, жұлдыздары жарқырай түсті.

Яндекс.Метрика