Әдебиет • 26 Желтоқсан, 2025
Қазақ қаламгерлерінің кітаптары жарық көрді
Өзбекстандағы қазақ қаламгерлері үшін осы жыл табысты болды. Қандастарымыздың түрлі жанрда 20-ға жуық кітабы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік жылдарынан бері елімізде мәдениет саласына қарқынды көңіл бөлініп келеді. Бұған әр жылдардағы сәтті басталған ауқымды жобалар мен бағдарламалар аясында іске асқан нәтижелі жұмыс дәлел болады. Ел Президенті де ұлт тарихынан тамыр тартатын төл мәдениетімізді назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет өнер саласын өркендетуге әрдайым ерекше мән береді. Өйткені мәдениеті озық елдің рухы қашан да асқақ тұрары сөзсіз.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2025
E-museum бірыңғай цифрлық платформаға біріктіреді
Ұлттық музейде E-museum порталының ресми таныстырылымы өтті. Жоба еліміздегі музейлердің бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру мақсатында, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер аясында жүзеге асырылып отыр.
Көрме • 23 Желтоқсан, 2025
«Астана Опера» төрінде «we are the world» халықаралық балалар сурет көрмесі ашылды. Елордалық театр бұл көрмені биыл екінші рет өткізіп отыр.
Басылым • 23 Желтоқсан, 2025
«Казахстанская правда» үздік атанды
Алматы қаласында «Жыл адамы» және «Қазақстандағы жыл таңдауы» фестивальдарының марапаттау рәсімі өтті. «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына кіретін «Казахстанская правда» газеті «Қазақстандағы 2025 жылдың №1 республикалық қоғамдық-саяси күнделікті басылымы» аталымында лауреат атанды.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
«Астана Балет» театры жаңа жыл қарсаңында қандай қойылымдар ұсынады?
Жаңа жыл қарсаңында «Астана Балет» театры көрермен назарына сиқырға толы ертегі қойылымдар топтамасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада «Алдаспан» шығармашылық кеші өтті
Елорда төрінде жыршы Күнсұлу Түрікпеннің «АЛДАСПАН» атты шығармашылық кеші өтті. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында қазақтың қасиетті қара домбырасының үні күмбірлеп, термелер мен толғаулар шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Айтыс: «Жекпе-жектің» жеңімпазы белгілі болды
«Хабар» арнасындағы «Жекпе-жек айтыс» мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. Төрт ай бойы эфирге шыққан жобада қазақтың таңдаулы 16 ақыны бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының мемлекеттік тапсырыспен шыққан төрт томдық толық шығармалар жинағының ресми таныстырылымы өтті.
Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.