Әлем • Бүгін, 09:10

Бала және әлеуметтік желі: тыйым басталды!

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияда келесі оқу жылынан бастап 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салуы мүмкін. Бұл жаңалықты ел президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді.

Бала және әлеуметтік желі: тыйым басталды!

Франция басшысының сөзінше, ол заң авторларынан жасөспірімдерді әлеуметтік желіден шектеу туралы құжатты тезірек ұсынуды сұраған.

«Біздің балаларымыз бен жас­өспірімдеріміздің санасы сатылмайды. Олардың сезімдері де сатылмайды, олар америкалық, қытайлық платформалардың мани­­­пуляция нысанасы болмауы қажет», деді Макрон.

15 жасқа толмаған бала­лар­дың әлеуметтік желі­лерге кіруін шектеумен қатар, заң жо­басы Францияның барлық лицейлерінде смартфондарды пайдалануға тыйым салады.

Осыған дейін 2023 жылы Фран­ция үкіметі кәмелетке тол­мағандардың әлеуметтік желі­лерге кіруін шектейтін, сондай-ақ аккаунт ашу үшін ата-анасының келісімін талап ететін заң қабыл­даған. Алайда бұл заң Еуропа­лық Одақтың Цифрлық қызмет­тер туралы заңына (DSA) қайшы келгендіктен, сол күйі күшіне енген жоқ.

Еске салайық, былтыр Аустра­лия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған еді. TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты он платформаны жасөспірімдер ел аумағында пайдалана алмайды.

Соңғы жаңалықтар