Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
820 материал табылды

Өнер • 14 Тамыз, 2024

Зергер туындысы

Зергер Абзал Молдабек есімін әлеуметтік желі арқылы жұрт жақсы таниды. Әр жұмысына ерекше ден қоятын, әсемдікпен қатар мазмұнға айрықша мән беретін шебер. Мұны оның әр туындысынан байқауға болады. Жұмыс барысынан әлеуметтік желіге салған жазбалары да соны аңғартады. Тіпті кейде «Мына әшекейді жасап болған соң, сатуға қимай қалдым», дейді. Әр әшекейіне тауар деп емес, өнер туындысы деп қарайтын зергердің мазмұнды туындылары да осынысымен сұранысқа ие.

Тағзым • 14 Тамыз, 2024

Суретшінің үйі

Өнер мен мәдениеттің алтын ордасына айналған Алматыда қаншама тау тұлғаның ізі қалды десеңізші. Мәселен, алғашқы суреттерін тасқа қашап салған Қазақстанның халық суретшісі, кескіндеме мен графика өнерінің қайнар бас­тауында тұрған Әбілхан Қастеевтің 1958-1973 жылдары тұрған қарашаңырағы осы қалада. «Қазақстан» қонақүйінің артындағы жер үйлердің арасында көзге оттай басылатын тарихи үй бүгінде мұражайға айналған.

Кино • 13 Тамыз, 2024

Үлкен экранда – «Дала қасқыры»

Күні кеше ғана елордадағы Mega Silk way орталығында Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Киножоба Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және «Golden Man Media» компаниясының қолдауымен түсірілген. 15 тамыздан бастап ел кино­театрларына жол тартпақ.

Көрме • 13 Тамыз, 2024

Мәдени мұра – Прага төрінде

Прага музейінде Алма­ты қаласы мұра­жай­­лар бірлестігі кол­лек­циясының жәдігер­лері­нен ұсынылған «Уақыт керуені» атты көр­ме­­нің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Елорда • 10 Тамыз, 2024

Ақынның айрықша бейнесі

Хакім Абайдың туған күні қарсаңында елорда орталығында ақынның үлкен цифрлық бейнесі пайда болды.

Қоғам • 09 Тамыз, 2024

Ташкенттің елордаға тартуы

Елорда жұртының өзбек өнері мен мәдениетіне қанығып жат­қанына бірнеше күн болды. Ұлттық музейдегі сурет көр­ме­сінен басталған мәдени іс-ша­ра­­лар тізбегі өзбек киносының күн­деріне жалғасып, Орталық сая­бақта өткен Ташкенттің Астана қаласындағы мәдениет күн­деріне ұласты. Айта кетейік, атал­ған іс-шара Өзбекстан Рес­пуб­ликасының Президенті Шав­кат Мирзиёевтің елімізге мем­ле­кеттік сапарына орайлас­тырылған.

Театр • 08 Тамыз, 2024

«Венециядағы түнді» тамашалаңыз

Жаздың соңы елордалық өнерсүйер көрермен үшін ерекше мәдени демалыс болмақ. Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры ел астанасына гастрольдік сапармен келе жатыр. Қарағандылық театр 16-18 тамыз күндері «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында өнер көрсетеді. Өнер ұжымы симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен балалар мен ересектерге арналған сан алуан бағдарлама әзірлеген.

Қоғам • 07 Тамыз, 2024

Үлкен экранда – өзбек киносы

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мир­зиёев­­тің елімізге мемлекеттік сапары аясында елорда тө­рін­дегі Chaplin кинотеатрында өзбек кино­сы­ның күн­дері бас­талды. Елорда тұрғындары мен қонақ­та­­ры­на өзбек кинематографтарының екі фильмі тегін ұсы­­ныл­ды.

Мәдениет • 07 Тамыз, 2024

Гөзәл бояулар

Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан ағайындардың қай-қайсысының да түп тарихы, өнері мен салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті қазақ елімен тереңнен тамырласып жатыр. Бауырлас халықтардың түрлі тараптағы бекем байланысы бүгінгі таңда да жалғасып келеді. Мәселен, күні кеше ғана ел астанасында Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесі ашылды.

Мәдениет • 07 Тамыз, 2024

Мәскеудегі мың салтанат

Астана қаласының Мәскеудегі мәдениет күндерінің жабылу салтанаты ел өнерпаздарының қатысуымен өткен үлкен сахнадағы Гала-концертпен түйінделді. Үш күнге созылған елорда мәдениетінің күндері аясында бірқатар ресми кездесу өтіп, түрлі саладағы өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.