Кино • 01 Қазан, 2024

«Оскарға» ұсынылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Оскар комитетінің «International Feature Film» аталымына ұсынылды. Көркем туынды жуырда ғана «Тұлпар» ұлттық сыйлығын иеленген еді. Айта кетейік, аталған фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді.

«Оскарға» ұсынылды

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жа­рияланады. Дауыс беру 8-12 қаң­тар аралығында өтеді. Оның қо­рытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар бел­гілі болады. Ал үшін­ші – соңғы кезең 11-18 ақпан ара­лы­ғы.

Жеңімпаздардың есімі 2 наурызда Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. «International Feature Film» санатындағы мүсіншеде мемлекет пен фильмнің атауы, режиссердің есімі көрсетіледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше