Шахмат • Кеше

Қазақстан шахматының жаңа жұлдыздары: Сауат пен Зарина ел біріншілігінде үздік атанды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауат Нұрғалиев пен Зарина Нұрғалиева шахматтан Астанада өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шахматының жаңа жұлдыздары: Сауат пен Зарина ел біріншілігінде үздік атанды

фото: kazchess.kz

Әйелдер арасындағы жарыста 13 тур қорытындысы бойынша төрт шахматшы 9 ұпайдан жинап, жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталды. Рапид форматындағы қосымша кездесулер нәтижесінде Зарина Нұрғалиева мен Меруерт Камалиденова финалға шықты. Ал Елназ Қалиахмет қола жүлдеге ие болды.

Блиц форматындағы финалда Зарина Нұрғалиева қарсыласын екі партияда да жеңіп, алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлде Меруерт Камалиденоваға бұйырды.

сауат

Ерлер турнирінде Сауат Нұрғалиев соңғы турда қарсыласымен тең түсіп, 9 ұпаймен Қазақстан чемпионы атанды. Екінші орынды Жандос Агманов иеленсе, қола медаль Рамазан Жалмахановқа берілді.

Чемпионат айналмалы жүйе бойынша 13 турдан тұрды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрады. Бұл жарыстың нәтижелері қыркүйекте Самарқандта өтетін шахмат олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасын жасақтауда ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар