Фото: Ашық дереккөз
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +14...+16°C.
Алматыда күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +17...+19°C жылы.
Шымкентте күн райы жылы, бірақ жел күшейеді (15-20 м/с). Термометр бағаны күндіз +25...+27°C көрсетеді.
Павлодар, Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында жаңбыр жауады. Қостанайда күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал. Температура орташа есеппен +13...+18°C деңгейінде болады.
Атырау мен Түркістанда күн +30°C-қа дейін ысиды. Ақтау, Ақтөбе және Оралда да жылы ауа райы сақталады (+23...+27°C).
Қарағанды мен Жезқазғанда жауын-шашынсыз, күндіз +15...+23°C жылы болады.