
Оқиға • 09 Қараша, 2020
Күні кеше ғана Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан кітапханаларымен бірлескен «Заманауи кітапхананың жаңа келбеті – оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Абай • 05 Қараша, 2020
Жуырда Ұлттық музейде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және рухани мұра» атты иллюстрациялық-кітап көрмесі ашылды. Аталған шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен һәм Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Әдебиет • 29 Қазан, 2020
Алдымен мәселенің басын ашып алайық. «Қап, бәлем!» мультфильмінің кейіпкерлерін жазушы Бунинмен тек шабадан ғана байланыстырады. Иә, кәдімгі жүк салатын шабадан. Алайда бұл шабаданның ішінде жазушының қилы тағдыры бар екенін ешкім білмейді.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Уильям Фолкнер Бірнеше жыл пошташы болып жұмыс істеген. Алайда жеткізілмеген хаттарды қоқыс жәшігіне тастайтыны әшкереленген соң жұмыстан қуылыпты.
Әдебиет • 28 Қазан, 2020
Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен.
Әдебиет • 23 Қазан, 2020
Әдебиетте ереже жоқ. Жақсы өлең, яки жақсы шығарма қалай жазылатынын үйрететін формула да жоқ. Кім, қалай жазам десе де өз еркі (бастысы, тәуір жазсын). Тек жазудың «ардың ісі» екенін әманда ұмытпаса болғаны. Һәм физика ғылымындағы Ом заңына немесе математикадағы тригонометрияға салуға келмейтін әдебиеттің бір ғана сипаты бар: шексіздік.
Әдебиет • 23 Қазан, 2020
Мұхтар Әуезов Мұхтар Әуезов қолы бос уақытта аңшылыққа шығуды ешқашан ұмытпапты. Ғабит Мүсіреповтің «Қарлы жаңбыр астында» дейтін әңгіме-эссесінде Әуезовтің мүлтіксіз мергендігін айғақтайтын жолдар бар. «Осы кепкенің астында Әуезов деген аңшы отыр деп бір құс ойламайды» деп әзілдейді екен.
Әдебиет • 22 Қазан, 2020
Шекспир пьесалары 10 млн долларға сатылды
Уильям Шекспирдің алғашқы пьесалар жинағының түпнұсқа көшірмесі Christie’s аукционында 10 миллион долларға сатылып, әдеби шығармалардың аукциондық бағасында әлемдік рекорд жаңартты.
Әдебиет • 19 Қазан, 2020
Рахымжан Отарбаев атындағы әдеби сын байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін Атырау қаласында "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" жалпыұлттық жобасы аясында "Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры" жеке қоры драматургия, проза салалары бойынша сыншы, әдебиетшілер арасында өткізген "Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын" байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 16 Қазан, 2020
Сары ала күз. Сағыныш. Сарыала қаз
«Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ та Ерілінің кең жазығында көп бұлаңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына шейін суландырған». Мұхтар Әуезов, «Абай жолы»