
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
“Жолда қабылдау” акциясы онлайн өтіп жатыр
Өңірде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен халықпен кері байланыс орнатуды қамтамасыз ететін республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өтуде.
Аймақтар • 17 Шілде, 2020
Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті
Бүгін Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті. "Ақниет" ЖШС арқылы 240 мыңға жуық медициналық зат әкелінді. Онда емдеу мекемелеріне қажетті медициналық қолғаптар, қорғаныш киімдер, арнайы көзілдіріктер бар. Бұл заттар облыстағы барлық ауруханалар мен емханаларға сұраныстарына қарай бөлінеді. Бұған дейін осындай көмек Қытай мемлекетінен де келген болатын.
Медицина • 17 Шілде, 2020
Еңбектің еленгені ерекше серпін береді
Әлемді жайлаған коронавирус індеті іргемізге таянғанда ел саулығы үшін күрестің алдыңғы легінен ақ халатты абзал жандар көрінді. Бұл жолғы дерттің дерегі дәрігерге де белгісіз еді, сонда да антына адал мамандық иелері қауіп тырнағына ілінген әр адам үшін аянбай арпалысты.
Қоғам • 16 Шілде, 2020
Қызылордада суға шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар жұмысы көбейеді. Дария бойындағы жағажайлар мен демалыс орындарына рейд жасап, кезекшілік ұйымдастырады. Бірақ сақтық шараларын, айтылған ескертулерді елей бермейтіндер көп. Мысалы, былтыр 26 адам суға кетсе, биыл жыл басынан бері оқыс жағдайдан құрбан болғандар қатары 15-ке жетіп отыр.
Аймақтар • 16 Шілде, 2020
Бағаны бақыламағандар ескерту алды
Қызылорда облысында биылғы жартыжылдықта негізгі алты экономикалық көрсеткіштің бесеуі төмендеп кеткен. Облыстағы құрылыс жұмыстары 68,2, инвестиция тарту 49,5 пайызға азайған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы да республикалық көрсеткіштен жоғары болып тұр.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Қызылордада дәрілік заттарды заңсыз сатудың 23 дерегі анықталды
Қызылорда облысында дәрі-дәрмектерді заңсыз, негізсіз қымбаттатып сату деректерін анықтау бағытында тиісті орындар тарапынан жұмыс жүргізілуде.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты облыс орталығын залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Қала іргесіндегі ауылдарда ауқымды тірлік бар
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһарға қарасты ауылдарда болып, "Ауыл – ел бесігі" және "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасына сай жүргізіліп жатқан жұмыстар барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Қызылорда қаласындағы емдеу мекемелеріне оттегі баллондарын жеткізу жолға қойылып, бұл іске кәсіпкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері үлес қосып отыр.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Сыр өңіріне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек
Сыр өңірінде медициналық мекемелер мен дәріханалар желісін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолға алынды.