Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Екі жылдан бері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары өңірдегі күріш жүйелерінің тұзды топырағында дәндік құмайдың сорттарын сынақтан өткізіп келеді. Гранттық қаржыландыру негізінде жүзеге асатын ғылыми жоба аясында әзірше былайғы жұртқа беймәлімдеу құмай дақылының отандық, шетелдік сорттарынан аймақтың қатал агроклиматына төзімді, инновациялық жоғары өнімді генотиптері іріктеліп келеді.
Жәдігер • 11 Сәуір, 2026
Қызылорда тарихи-өлкетану музейінде көрген адамды қызықтыратын жәдігерлер қатарында түйе зеңбірек пен шиті мылтық тұр. Кезінде Сырда билік жүргізген Қоқан хандығынан қалған зеңбіректер дария жағалауынан табылыпты. Ал 2 ғасырлық тарихы бар шиті мылтық бір әулетті ғана емес, тұтас ауылды аштықтан аман алып қалған қару.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2026
Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр
Облыс орталығындағы «Қызылорда автобус паркі» мекемесі аумағында дәл қазір 84 автобус қаңтарылып тұр. Осыдан 13 жыл бұрын қолға алынған «Қызылорда қалалық жолаушылар көлігін жаңарту» жобасы аясында құны 9 млрд теңгеге жеткізілген бұл автобустардың алды оларды сатып алуға жұмсалған несие мерзімі бітпей жатып жарамсыз күйге түсіпті. Әу бастағы қате жобалаудың кесірінен қыруар қаржыға алынған қоғамдық көліктер ел аузында «автобустар зираты» деп аталып кеткен аумақты тұрақ қылғанына біраз жылдың жүзі ауды.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Қызылордадағы қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында бой көтерген саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед, жүгіру жолақтары бар.
Құрылыс • 07 Сәуір, 2026
Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды
Сыр өңірінде жүгеріні терең өңдейтін жаңа өндіріс орнының іргетасы қаланды. Жоба агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өңдеу саласын кеңейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.
Технология • 03 Сәуір, 2026
«Жезтабанның» жеңісі – ізденістің жемісі
«Жезтабан» – кәдімгі робот ит. Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің LUPIC командасы Астанада өткен «Alem TechFest» – 2026 республикалық технологиялық фестивалінде осы роботты жетілдіріп, айналаны барлап, кедергіден өте алатын «ойлы» құрылғыға айналдырған. Unitree Go2 роботына «жан бітіріп», «RoboCup Rescue» санатында бірінші орынды иеленген команда капитаны – университеттегі Жасанды интеллект институтының CPAI-24-1 студенті Ернұр Қанат. Жеңімпаз топ құрамында Аян Нұрлыбекұлы мен Дархан Серікбаев та бар.
Жоба • 31 Наурыз, 2026
Сыр бойындағы серпінді жобалар
Сыр бойында өңір экономикасын әртараптандырып, шикізатқа тәуелділікті азайту, өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытында жақсы бастамалар бар. Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Қызылордада бір күнде екі бірдей емхананың құрылысы басталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Мәжілісі депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысқан игі шара барысында алдымен Титов шағын ауданындағы 400 орындық жаңа емхананың іргетасы қаланды.
Жәдігер • 04 Наурыз, 2026
Қызылордадағы тарихи-өлкетану музейінде даңқты батыр, қаһарман қолбасшы Бұқарбай батыр Естекбайұлының қылышы тұр. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келген батыр есімі патша отаршылары мен Қоқан бектеріне қарсы күресімен, елін кәсіпке баулыған еңбегімен мәлім.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы – 1 274 км. Өзеннің оң жағалауында 380,37, сол жағалауында 244,75 км қорғаныс бөгеттері бар. Өңірдегі 7 аудан мен 4 қаладан, 230 ауылдық елді мекеннен өтетін дария жағалауындағы 31 ықтимал су басу аймағында 36 елді мекен орын тепкен.