Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1824 материал табылды

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қызылорда: Арнаулы жиынға 96 азамат шақырылды

Қызылорда облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының арнаулы жиынына 25-35 жас аралағындағы әскери міндетті 96 азамат шақыртылды. Олар облыс орталығы мен Қазалы, Шиелі аудандарының елді мекендеріндегі қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл туралы аймақ басшысының қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Ғалымжан Тасжанов мәлімдеді. 

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қызылорда: Қосалқы бөлшектер сататын кәсіпкерлер тізімі жасақталды

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов көктемгі егін науқанына орай аймақтағы ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің өтінішімен Қызылорда қаласында қосалқы бөлшектер сататын кәсіпкерлердің тізімі әзірленіп, жұмыс жасауына рұқсат берілгендігін жеткізді.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қызылорда: Көктемгі жұмыстарға кедергі болмауы керек

Бұл туралы бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев   жедел штаб отырысында айтты. Отырысқа штаб мүшелері мен селекторлық байланыс арқылы кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Байқоңыр: 33 әкімшілік іс қаралды

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолына екі тосқауыл бекетін қойып, қалада карантиндік талаптардың сақталуын қадағалауда. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қызылорда: Жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Қазалы ауданында карантин талабына мән бермей, тәртіп бұзатындар азаяр емес. Тіпті кейбірі көлік руліне масаң күйде отырып, жол-көлік оқиғасының орын алуына себепші болуда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қызылорда облысының әкімі эпидемиологиялық ахуалы ауыр аудандарда болды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова эпидемиологиялық ахуалы ауыр Жаңақорған және Шиелі аудандарына барып, індеттің таралуын тежеу бағытындағы жұмыстармен танысты.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қазалыда 24 азамат әскери жиынға шақырылды

Қазалы ауданында әскери міндеттілерден 24 азамат іріктеліп, арнайы әскери жиынға шақырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қызылорда: Полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары тұрғындарды өрттен құтқарды

19 сәуір күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы полиция лейтенанты Нұрлан Қарлыбаев, Ұлттық ұлан  сарбаздары  Кирилл Лосицкий мен Нияз Дәулет қызмет атқару барысында Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдің 2 қабатындағы балконнан қалың түтінді байқайды.

Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Қызылорда: Тағы 2 тұрғыннан вирус табылды

Өткен тәулікте Қызылордада вирусқа шалдыққандар қатарына тағы 2 адам қосылып, науқастар саны 151-ге жетті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлап, жаңадан анықталғандар жайлы кеңінен мәлімет берді.

Экономика • 21 Сәуір, 2020

Арзан жанармай жеткізілуде

Қазір коронавирус індетіне байланысты әр өңірде сақтық шаралары барынша күшейтіліп, адамдар мен көлік қозғалысы шектеліп тұр. Бірақ карантиннен кейін де өмір бар, шектеулер аяқталысымен сан саладағы тіршілік қайтадан қалыпты арнасын табуы тиіс. Сондықтан да қара күзде ел несібесінің ортаймауын ойлаған Сыр диқандары сақтық шараларын барынша күшейтіп, көктемгі егіс науқанына шықты.