
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қызылорда: Төтенше жағдай кезінде той жасау тоқтамай тұр
Қызылорда облысында індеттің таралуын болдырмау мақсатында бүгін өңірдің бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысы қабылданды. Осыған сәйкес бекітілген бірқатар шектеулер мен қауіпсіздік шаралары жайлы облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев онлайн брифингте айтып өтті.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қызылорда: Талап сақтасаң, дерт дендемейді
Бүгін Сыр бойында Covid-19 індетін жұқтырғандардың саны 54-ке жетті. Олармен жақын қарым-қатынастағылар 326 адам болса, потенциалды байланыстағылар 518. Олардың барлығы бақылауға алынып, оқшауланған.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай: Кәсіпкерлердің күйі нешік?
Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы айға жуықтап қалды. Инфекцияның өршуінен бірқатар аймақта карантин жарияланып, шектеулер күшейді. Солардың қатарында Қызылорда қаласы да да бар. Жан-жақпен барыс-келіс тыйылып, алыс-беріс азайып тұрған осы мезетте аймақ кәсіпкерлері қандай күй кешіп жатыр?
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қызылорда: Вирус жұқтырғандар саны тағы өсті
Қызылорда облысында вирус жұқтырғандар саны 54-ке жетті. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2020
Қызылорда: Дертке шалдыққандар саны күрт өсіп кетті
Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырудың тағы 13 жағдайы тіркелді. Науқастардың барлығы Шиелі ауданынан анықталып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлады.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Амандығыңды ойласаң, тәртіпке бағын!
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірде коронавирус инфекциясының таралуын тежеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы онлайн брифинг өткізді.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Басты міндет – індеттің бетін қайтарып, бағаны бақылауда ұстау
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен аппарат отырысы өткізілді. Қала және аудан әкімдері селекторлық байланыс арқылы қатысқан жиында аймақ басшысы жаңадан тағайындалған орынбасарларын таныстырды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Қызылорда: Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ахмет Серік Әбжәліұлы облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2020
Қызылорда: Алты адамнан вирус белгісі табылды
Кеше түнде Қызылордада тағы 6 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша алтауы да Шиелі ауданынан.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2020
Қызылорда облысы: Баға да, сапа да бақылауда болуы тиіс
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар сауда нысандарының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы барған алғашқы нысан «Small» супермаркеті болды. Супермаркет басшылығына азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау қажеттігі баса айтылды. Нан, макарон, ұн және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы аспандап кетпеуі керек.