
Аймақтар • 12 Ақпан, 2020
Ауылдар мәселесі әрдайым назарда
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысымен танысу мақсатында Қызылорда қаласының аумағына енетін елді мекендерді аралады.
Медицина • 12 Ақпан, 2020
«Ангиограф»: Аурудың алдын алады, дерттіге дәрмен береді
Былтыр күзде Қазалы ауданындағы ауруханада алғаш рет жүрек-қан тамырларына ота жасалды. Осыған дейін ірі қалалардағы жабдығы сайлы медициналық орталықтарда ғана жасалатын отаны қорықпай қолға алған қазалылық кардиологтардың бұл еңбегі ерлікке тең еді. Жабдық демекші, қымбат, ең бастысы адам саулығын сақтауда аса қажетті «Ангиограф» аппараты республика аудандарының арасында алғаш рет осы Қазалыға қойылып отыр.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2020
Қызылорда облысының әкімі кәсіпкерлермен кездесті
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Жиынға жас кәсіпкерлер, осы саладағы мекемелер мен ұйымдар басшылары қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 11 Ақпан, 2020
Қызылордада ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтіп жатыр
Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ел чемпионаты өтуде.
Руханият • 11 Ақпан, 2020
Қызылорда: Абай жылында ауқымды шаралар ұйымдастырылады
Өңірлік коммуникациялық қызмет орталығында өткен брифингте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова өткен жыл сала үшін жетістіктер мен жаңалықтарға толы жыл болғанын айтып өтті.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Еріктілер жылы аясында өңірлерде түрлі шаралар қолға алынды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы ұжымдарының #Игіістеруақыты бастамасымен төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына қосқан үлесі осы сөзімізге дәлел болады.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
«Әлем үздігі» атағынан үміткер
Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «IESO-2020» халықаралық олимпиадасының іріктеу кезеңінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әлішер Алтынбасов геологиядан жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың ІІ орын иегері атанды. Енді ол жазғы демалыста Ресей Федерациясының Түмен қаласында өтетін білім байқауында ел намысын қорғайтын болады.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2020
Қызылорда: Біткен іс пен күткен іс
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев шаһар тұрғындары алдында қорытынды есеп берді. А. Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен кездесуге облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2020
Қызылордада «Абай қазынасына саяхат» клубы ашылды
Қызылордадағы Достық үйінде «Абай қазынасына саяхат» клубының тұсаукесері болып өтті. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2020
Жаңа аумақ тұрғындарына ауызсу жетті
Бүгін «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы филиалының №1 насос стансасынан Әйтеке би кентіндегі жаңадан тұрғын үйлер салынған 2 квартал аймағына ауыз су берілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.