Көрме • 25 Ақпан, 2026
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ілияс Жансүгіров және Қызылорда кезеңі» атты көшпелі көрме ашылды. «Жыр Құлагері» атанған ақынның Талдықорғандағы әдеби музейінен Сырға жеткен жәдігерлерді тамашаладық.
Реформа • 21 Ақпан, 2026
Жауапкершіліктің айқын көрінісі
Қызылордадағы Достық үйінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттер басшылары, бизнес қауымдастығының өкілдері, саяси партия жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, Ассамблея мүшелері мен жастар қатысты.
Музей • 20 Ақпан, 2026
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты көрме ашылды. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы көне Тараздан түлеген тұлғалар мерейтойына орай ұйымдастырылған көрме «Музей tour: Экспонаттар экспедициясы» музейлік жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Сыр бойына жүгері де жерсінеді
Сыр топырағына жүгері дақылы бөтен емес. Кезінде біраз шаруашылық мал азығы үшін «дала аруы» деп әспеттелген дақыл түрін егіп, мол өнім жинаған. Кейінгі бес жыл көлемінде Қазалы ауданындағы «РЗА» акционерлік қоғамы су үнемдеу технологиялары арқылы 2238 гектар күріш, мыңдаған гектарға жоңышқа, жарты мың гектарға жуық жүгері егіп келеді.
Реформа • 18 Ақпан, 2026
Уақыт талабынан туындаған құжат
Қазір жер-жерде жаңа Конституция жобасын жұртшылық арасында түсіндіру жалғасып жатыр. Қызылордадағы «Aray City Mаll» сауда орталығында «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық филиалы өкілдері «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының үгіт-насихаты аясында кәсіпкерлермен кездесті.
Экономика • 05 Ақпан, 2026
Қаратау қазынасы қисапсыз емес
Соңғы сілемдері Сырдағы Жаңақорған мен Шиеліге жетіп жығылатын Қаратауда өткен ғасырдың 70-жылдарынан қиыршық тас өндіріле бастапты. Кейіннен тау тастарынан бөлінетін кәдімгі әк те табыс көзіне айналды. Осылайша, кәсіп иелері көне тау тастарын да, қойнауындағы қазынасын да кәдеге жаратты. Әсіресе жол құрылысының ауқымы артқан кейінгі жылдары Қаратаудан өндірілетін қиыршық тасқа деген сұраныс арта түсті.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2026
Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылдық округінде қуаттылығы 40 МВт күн электр стансасы іске қосылды. «Тесис» ЖШС мен қытайлық «Хуадиянь Қазақстан Энерджи» компаниясы бірлесе жүзеге асырған жоба құны 11 млрд 500 млн теңге.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы таратқан бір мәліметке жанымыз жылыды. Өткен жылды қорытындылаған филиал мамандары Жалағаш ауданында бірде-бір отбасының ажырасуы тіркелмегенін айтып отыр. Олар мұны сирек кездесетін құбылысқа балайды.
Келешек мектептері • 27 Қаңтар, 2026
Салтанатты жиында өңір басшысы жиналған жұртшылықты ауыл балаларының жарқын болашағына жол ашатын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, білім – ел дамуының тұғыры екенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осындай құрмет білім ұясын сапалы, өз уақытынан кешіктермей салып, ел игілігіне берген мердігер мекеме «Бақ-береке» серіктестігінің мамандарына да көрсетілді.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Жалпы, қысы қатал, жазы аптап Сырдың топырағында сырттан келген көшеттердің жерсіне қоюы оңай емес. «Өз елімізде өсетін тал-дарақты көгерте алмай отырғанда табиғаты жайлы аймақта ғана тамыр жаятын тропикалық жеміс ағаштары туралы сөз ету қиын шығар», деп ойлайтынбыз.