• 07 Қараша, 2021
Қоғам алдында үлкен жауапкершілік арқалап, ел тыныштығын күзеткен полиция еңбегі жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс істегенде ғана жемісті болмақ. Қылмыс пен құқықбұзушылықты азайту, олардың алдын алу бүгінгі қоғам алдында тұрған міндеттердің бірі. Бұл мақсатта өңірде атқарылған шаралар туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан тарата айтты.
Коронавирус • 28 Қазан, 2021
Індет басталғалы бері Сыр бойында 18 639 адам вирус жұқтырыпты. Осы науқастардың 82 пайызы биыл тіркеліп отыр. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге дейін ұлғайған. Жазда бой бермей кеткен дерт соңғы 2 айда төмендеп, жұрт көңіліндегі қорқыныш та сейіле түскендей.
Қоғам • 27 Қазан, 2021
Қызыл төлқұжатты «қимай» жүргендер бар екен
Елімізде мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтарды анықтау бойынша акция жүріп жатыр. Акция аясында республика бойынша 6 мыңнан аса құжатсыз жүрген азамат анықталып, олардың көпшілігіне өздеріне тиісті жеке басын куәландыратын құжат табысталған. Бұл туралы Қызылордадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасының бастығы Ғани Шымырбаев мәлімдеді.
Аймақтар • 25 Қазан, 2021
Қызылордадағы «Облыстық жастар ресурстық орталығы» мүшелері биыл жұртқа жәрдем көрсетіп, игілікті істердің басында жүрді. Осы жылғы 1 наурыз – Алғыс айту күнінде өткен брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпорындар мен ұжымдарды, жеке адамдарды жақсылық жасауға жұмылдырудың маңызын атап өтіп, сырбойылықтарды «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына үлес қосуға шақырған еді.
Экономика • 21 Қазан, 2021
543 млрд теңгенің өнімі өндірілді
Қызылорда облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бірқатар салада өсім бар екенін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары 543 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіру – 5,3, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету – 13,6 және өңдеу өнеркәсібі 12,6%-ға артқан.
Әдебиет • 13 Қазан, 2021
Сыр бойында халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін, аңыз-әңгімелер мен батырлар жырының, қисса-дастандардың ел аузындағы нұсқаларын жинақтап, «Сыр өңірінің фольклорлық антологиясы» атты үштомдық шығару қолға алынған. Жуырда осыдан 2 жыл бұрын басталған жоба аясындағы алғашқы том – «Жанқожа батыр» жинағы қолға тиді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған тартудың тұсаукесері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.
Білім • 07 Қазан, 2021
Жеңімпаз ұстаздар жүлделі болды
Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты жиын өтті. Білім саласы өкілдерінің мерекесіне арналған шараға ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері мен жас педагогтер шақырылды.
Егемен Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021
Көне тарих сүрлеуі Сырда жатыр
«Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» газеттерінің «Атамекен» ақпараттық-танымдық экспедициясы Сыр бойына келіп жетті. Тарих тәбәрігін түгендеуге арналған сапарымыз дүние тылсымын қобыз сарынынан іздеген түгел түркіге ортақ тұлға Қорқыт ата жатқан топырақтан басталды. Экспедиция құрамында облыстық ішкі саясат бөлімінің мамандары, «Сыр бойы» газеті, «Qyzylorda» телеарнасының тілшілері болды. Әр нысанда аудандардағы жергілікті өлкетанушылар мен тарихшылар қатарымызды толықтырып отырды.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2021
Сыр бойында кейінгі ұрпақ тәу етер талай тарихи орындар бар. Соның бірі Жаңақорған ауданындағы Әбдіғаппар ауылынан он шақырымдай жерде салынған Төлегетай баба кесенесі. Шығыстан Сырға келіп қоныс тепкен елге тұтқа болған қайраткер Төлегетай мен Қылышты ата кесенесі қатар орналасқан.
Өнер • 28 Қыркүйек, 2021
Қызылордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы өтті. Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр түкпірінен дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнерпаздар қатысып, көрерменді даңғыл жыраудың мол мұрасынан сусындатты.